Бірлігі жарасқан қазақстандықтардың ортақ шаңырағына айналған Қазақстан Халқы Ассамблеясының ұлттық мәдени ошақтары тағы бір мүддеге ұйыды.   

Елорда этно-фольклор-джаз орындаушыларын бір сахнаға жиды. Бас шаһардың көгінде көне сарындағы ән-күйлер мен заманауи  джаз мәнеріндегі әуендер әуеледі. Дәстүрлі фестиваль қасиетті ұлттық аспаптар үні мен еркін ырғақтағы музыканы үйлестіріп, жаңа қазақстандық фольклорлық жанр бағытын  қалыптастырды, дейді шара қатысушылары.  

 

ШЕРЗОТ ПУЛАТОВ,  АСТАНА Қ. ӨЗБЕК ЭТНОМӘДЕНИ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

 - Біздің елімізде осы жаңа стиль өркендеп жатыр. Ассамблея әрқашанда әрбір бастаманы қолға алып, әрі қарай жүргізетін ұйым. Сондықтан біз барлық ұлттар бір халық болып осы шараға қатысып отырмыз.

 

Сондай-ақ, әлеуметтік институттың қолдауымен фестиваль аясында «Этно-fashion» байқауы өтті. Сән көрсетілімінде он шақты отандық дизайнердің  ұлттық нақышта безендіріліп, тарихи дәстүрмен ұштастырылған заманауи киім үлгілері ұсынылды.  Негізінен ер, әйел, жастар мен балаларға арналған жаңа отандық топтамалар. Сән шеруінде сахналық костюмдермен қатар, кеңселік және күнделікті тұрмыста ыңғайлы киім-кишектер легі де паш етілді. Бұл орайда елімізді мекен еткен түрлі ұлттар мен ұлыстардың дәстүрі ескерусіз қалмады.

 

ДАРИЯ КУЛОВА, ДИЗАЙНЕР:

 - Он киім үлгісін алып келдік қазақша стильде. Біздің киім үлгілерінің мақсаты қазақша нақышты сақтай отырып сонымен қатар бүгінгі заманауи үлгіні қамтамасыз ету болып табылады. Бізде әрбір оюлардың, өзгеде детальдардың мағынасы болуы керек.

 

Шара барысында атадан мирас болып қалған дәстүрлі өнердің лайықты мұрагерлерінің қатысуымен шеберлік сабақтары да ұйымдастырылды. Бұған қоса көне мәнерде соғылып-жасалған сәндік-қолданбалы зергерлік және тұрмыстық-салттан сыр шертер ұлтық бұйымдар көрмесі қанат жайды.  

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер