Арқа төрінде әлемдік классикалық музыка жауһарлары кезекті рет салтанат құрды. Бұл жолы әйгілі белгиялық композитор, дирижер Дирк Броссе елордалықтар мен қала қонақтарын өз өнерімен тәнтті етті. Сазгер – 400-ге тарта шығарманың авторы. Қадірменді мейман өнер сүйер қауым назарына Астана қаласының симфониялық оркестрінің сүйемелдеуімен ерекше бағдарлама ұсынды.  Концертте кеш каһарманының  төл туындыларымен қатар қазақстандық жене әлемдік композитордың  таңдамалы шығармалары орындалды.

 

ДИРК БРОССЕ КОМПОЗИТОР, ДИРИЖЕР /БЕЛЬГИЯ/:

 - Мен музыка өнерінің жаңа беттерін ашып, өзге қырларын тануға құштармын.  Қашан да шығармашылық ізденісте жүремін. Әлемді шарлап шабыт іздеймін. Сол ұмтылысым Қазақстанға әкелді. Мен жергілікті өнерпаздардың шеберлігі  мен ұлттық аспарптардың үніне тәнті болдым. Дәстүрлі музыканың құдіреті мұрагерлерінің қанына сіңеді ғой. Сапарымнан үлкен әсер алдым.

Түрлі халықтардың мәдениетін сабақтастырып жүрген Дирк Броссе өнерде шектеу жоқтығын жақсы түсінеді. Ұлттық аспаптардың сарынынан шабыт алған майталман бір бағдарламаға еуропалық және жергілікті музыканы шебер үндестірді.  Әсіресе қыл қобыздың қоңыр даусы  ұмытылмас әсерге бөлегенін айтады.

 

ӘДІЛЕТ АЗБАЕВ, ҚОБЫЗШЫ:

 - Мен қылқобызшы ғана емеспін, дирижер да болғандықтан6 бұл кісімен жұмыс жасаған мен үшін өте қызықты болды. Өте пайдалы дайындықтар өтті деп ойлаймын. Мен болашақта бұл кісімен қарым-қатынасты үзбей әріқарай үйреніп,тәжірибе алмасуға тырысамын деп ойлаймын.

 

Дирк Броссе де жергілікті өнерпаздардан қол үзбей, бірлескен музыкалық жобалар құруға қызығушылық танытып отырғанын жасырмады. Мейман Қазақстан мен Белгия арасындағы ынтымақтастықтың 25 жылдығына арналған кеш мәдени байланыстың жандана түсуіне үлкен сеп болғанын айтады. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер