Миландық Ла Скала театрының симфониялық оркестрі елорда тұрғындары мен қонақтарына Бетховеннің ғаламат туындысы, әйгілі №9 Симфонияны тарту етті. Өнер ұжымына танымал дирижер Зубин Мета жетекшілік етті. Өшпес музыкалық туындының тарихында тұңғыш рет хор вокалистері тартылып, көрермен жаңашыл көзқарастың куәсі болды.

 

БРУНО КАЗОНИ, «ЛА СКАЛА» ТЕАТРЫНЫҢ ХОРМЕЙСТРІ:

 - «Астана операда» өнер көрсету бізге ерекше шабыт береді. Себебі, мұнда залдың акустикасы кең, дыбыстар да таза шығады. Сондықтан да, тыңдарман әр аспаптың дыбысын анық ажырата алады. Көрермен үшін бар өнерімізді ортаға салуға тырысамыз. Мұнда бізге бәрі ұнайды.

 

«Ла Скала» театры «Астана Операның» сахнасында қыркүйек айының 1-і мен 9-ы аралығында өнер көрсетті. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер