Жайық өзені үстінен салынған Еуропа мен Азия құрлығына жалғайтын Орталық көпір Бейбарыс атымен аталады. Ал Атырау облыстық өлкетану музейінде арнайы көрме жұмыс істеп тұр. Мәмлүктер қолданған шолақ мылтық, 13 ғасырда Мысырда соғылған алтын теңгелер мен қайқы қылыштар.  Бұл – Атырау облыстық тарихи өлкетану музейінде Бейбарыс Сұлтанға арналған мүйісте сақтаулы жәдігерлер.

 

ДИНАРА ДҮЙСЕНБАЕВА, МУЗЕЙ ҚЫЗМЕТКЕРІ:

 - Дамаскідегі  «Бабипаритер» зиратында жерленген. мәңгілік мекенінің фотосуреті бар. Және Дамаскідегі Бейбарыс Сұлтанның қабірі, қабірінің фотосуреттері, онда жазылған жазулар да орын алған біздің музейдегі экспозицияда.

 

Мысыр елінде 17 жыл билік құрған Бейбарыс Сұлтан көрнекті мемлекет қайраткері, әскер ісін жетік меңгерген қолбасшы болған. Батыр оғлан заманында Мысырға төнген «крест жорығын» тоқтатқан, өзі билеген елін жоңғар шапқыншылығынан да сақтап қалды. Мешіт медреселер салып, басқарған халқын ілім-білімге үндеген дара тұлғаның Қыпшақ даласында дүниеге келгені толық дәлелденді,-дейді тарихшылар.

 

ДУЛАТ ХАМЗИН, МУЗЕЙ ҚОРЫН САҚТАУШЫ:

 - Бейбарыс сұлтан осы қыпшақ 1225 жылы беріш тайпасынан шыққан тұлға деп айтылып келеді. Жалпы Бейбарыс сұлтан осы қыпшақ даласынан жаугершілік кезінде құлдыққа сатылған. Өзінің жігерлігімен, адуындығымен сондай бір жалынымен ерекше көзге түсіп, кейін қолбасшылық дәрежесіне дейін жеткен  көрнекті тұлға.

 

Кісенмен кетіп, рухы көсем боп оралған батыр бабаны елі зор мақтаныш тұтады. 2000 жылы Бейбарыс Сұлтанның 775 жылдығына орай облыс орталығында саябақ ашылып,  үлкен ескерткіш қойылды. Ескерткіштің екі жағына қойылған бұл тас мүсіндердің  де өзіндік айтары бар. Пирамида Бейбарыс Сұлтан 17 жыл патшалық құрған Мысыр елін бейнелесе, киіз үй Ұлы бабамыздың Қыпшақ топырағынан, Қазақ елінің перзенті екенінің айғағы. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер