Қуыршақ театрларының артистері Астанаға жиналды. Дүниежүзілік қуыршақтар карнавалы – есте қаларлық жарқын оқиға. Елуге жуық мемлекеттен келген өнер майталмандары елорда көркіне таң-тамаша.

 

РОД ПЕТРОВИЧ, ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ҚУЫРШАҚТАР КАРНАВАЛЫНЫҢ АТҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ:

 - Біз Астананы бекер таңдаған жоқпыз. Әрине, бірінші кезекте, қазір мұнда ЕХРО халықаралық көрмесінің уақытын назарға алдық. Осыдан бес жыл бұрын Дүниежүзілік қуыршақтар карнавалын Алматы қаласында өткізген едік. Ол кезде қатысушы елдер саны аз болды. Биыл әлемнің 47 елінен қуыршақ театрларының артистері жиналды. Ал карнавалдың өзі осымиен 11-ші рет ұйымдастырылып отыр.

 

Жансыз қуыршақтар жан бітіретін артистер өз мамандығын аса қажет деп санайды.

 

ОУСЕРИ ЛИЭС, ҚУЫРШАҚ ТЕАТРЫНЫҢ АРТИСІ /ПАРИЖ/:

 - Маған осы қуыршақтар сыйлайтын сиқыр ұнайды. Олар адамды ертегі әлеміне жетелейді. Бала болсын, үлкендер болсын. Қуыршақтың сиқыры кез келген адамға әсер ететіні анық.

Бір апта бойы қойылымдар қойылды. Қаланың кішкентай тұрғындарын Ресей, Болгария, Тунис, Португалия, Румыния, Франция, Қытай және Ұлыбритания елдерінің өнерпаздары өз өнерлерімен қуантты. Мұндай шаралар қуыршақ ойнатушы артистердің өнерін дамытуға, мәдени тәжірибе алмасуға зор мүмкіндік береді, - дейді ұйымдастырушылар.

 

ДОСЫМХАН БЕЙСЕНБАЕВ, ҚАЛАЛЫҚ ҚУЫРШАҚ ТЕАТРЫНЫҢ АРТИСІ:

 - Қуыршақтың түр түрі бар. Жіпті қуыршақ, тегіс бетте ойнайтын қуыршақ, адам бойыл, көлеңкелі және тросты қуыршақ деген түрлері бар. Сол қуыршақтарды кім-қалай жүргізеді. Солардан көріп, мол тәжірибе аламыз деп ойаймын.  

 

Қуыршақ театрларының артистері ашық аспан астында да қойылымдар қойып, қала тұрғындары мен қонақтарына жарқын көңіл күй сыйлады. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер