Алматыда бой көтерген «Іле Алатауы» этноауылында құнды жәдігерлер көрмесі ұйымдастырылды. Ескі үлгідегі кимешек, ақ киізден басылған бас киім, күміс ертоқым мен көне сандық ұлтымыздың бай мәдениеті мен қолөнердің өзгеше үлгісін көрсетеді. Қолданыстан шығып қалса да, бұл дүниелердің маңызы зор, - дейді ғалымдар.

 

ТӘТТІГҮЛ ЕРСАЙЫНҚЫЗЫ, ТАРИХ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ КАНДИДАТЫ, ПРОФЕССОР:

 - Этноауылды дамыту сыртқы туризм үшін ғана емес, ішкі туризм үшін де аса қажет.  Себебі, қалалық жағдайда, мегаполис, агломерацияның дамыған кезеңінде қалада өсіп жатқан ұрпақ кітаптан көріп, теледидардан көріп өскеннен гөрі, келіп, қолымен ұстағанның әсері мүлдем бөлек.

 

Көрмедегі жәдігерлердің өңірлік, дәуірлік ерекшелікке қарай жаңарып, дамып, жаңғырып отырғанын байқауға болады. «Іле Алатау» ұлттық паркімен бірлесіп, этнотуризмді дамыту мақсатында қолға алынған жобаға шетелдік туристер қызығып жатыр.  

 

ЖАРҚЫН СӘЛЕНҰЛЫ, ЭТНОГРАФИЯ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ МАГИСТРІ, ЖУРНАЛИСТ:

 - Алма арасанды туристік нысан ретінде шетелдіктер көбірек және жақсырақ біледі екен. Жәні өзіміздің отандық туристер де осы алма арасанның бас аяғын аралап көріп, біздің ауылға келіп тоқтаған кезде туристерге шамамның келгенінше қазақ үйді, қазақтың мәдениетін таныстырып  көрсетіп айтамын.

 

СЭТ ПОДХОРЕТЕ, ТУРИСТ /АҚШ/:

 - Маған мына қамшы өте қатты ұнады. Қолдан жасалған, өңделіп, табиғи тастармен әрленген мұндай заттар қазір сирек кездеседі. Өмірімде бірінші рет көріп тұрмын. Көрмедегі жәдігерлер әсемдігімен таңқалдырды.  

 

Этноауылды болашақта қазақтың дәстүрлі мәдениетін насихаттайтын, дамытып, зерттейтін ғылыми тәжирибелік орталыққа айналдыру көзделіп отыр. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер