Қазаққтың қасиетті қара домбырасының тілін таба білген шебер орындаушы. Елордада күйші, композитор, халықаралық байқаулардың лауреаты Ғаламат Бейсеқожаның жеке шығармашылық кеші өтті. «Ұлы дала аңыздары» атты әуезді бағдарламада 50 бірдей күйден жыр шашылды. Ұлттық аспаптың құлағында ойнаған 16 жасар сахна саңлағы  сазды кешттің тыңдарманына Құрманғазы, Тәттімбет, Динаның танымал туындыларын нақышына келтіре шертіп берді.  Дәстүрлі өнердің әуелеген үнін асқан шеберлікте меңгерген жас дарын бірқатар төл шығармаларын да ойнап шықты.

 

ҒАЛАМАТ БЕЙСЕҚОЖА, КҮЙШІ, КОМПОЗИТОР:

 - Домбырамды алғаш рет қолға алты жасымда алдым. Айналысып жүргеніме 10 жылдай болды. 11 жасымда алғаш күйлер шыға бастады. Қазақтың күйлерін арықарай насихаттап, ата-бабамнан қалған күйді қазіргі жастарға жеткізу. Негізі қазақта күйлер өте көп. Оның бәрін бір күнде орындап шығу мүмкін емес.

Бүгінде жас композитор ұлттық мәдениеттің болмысын айшықтайтын 20-дан астам күйдің авторы. Құдіретті өнердің жаршысы осы күзде Мәскеу төрінде қазақтың дәстүрлі саз сарындарын әуелетпек. Алда ел аралауда жоспарда бар. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер