Елорда тұрғындары мен қонақтарына операның Отаны - Италияның ұлттық классика өнерін өз көзімен тамашалау мүмкіндігі туып отыр. Арқа төріне  әлемге әйгілі «Ла Скала» театры гастрольдік сапармен келді. Миландық өнер ұжымы Астана Опера театрының сахнасында қыркүйек айының 1-і мен 9-ы аралығында Джузеппе Вердидің «Фальстаф» операсын ұсынды. Бойына түрлі жанр мен дәуірді қамтыған туындыға Шекспирдің «Виндзор сайқымазақтары» комедиясы мен «Генрих  IV» тарихи шығармасының көріністері кірістірілген.  Бас партияны әлемге танымал жез таңдай әнші Амброджо Маэстри орындайды. Сахнаның хас шебері жүрегін махаббат қиялы тербеген қарттың рөлін сомдайды. Сондай-ақ, «Ла Скала» оркестрі өнер сүйер қауымға ұлы композитр Бетховеннің №9-шы симфониясын тарту етпек. Өшпес музыкалық туындының тарихында тұңғыш рет хор воколистері тартылып, көрермен жаңашыл көзқарастың куәсі болады.

 

АЛЕКСАНДР ПЕРЕЙРА, «ЛА СКАЛА» ТЕАТРЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

 - «Фальстаф» операсы мен Бетховеннің 9-шы симфониясын бай репертуарлық қорымыздан саралап бір бағдарламаға түзіп әкелгеніміз сапарымыздың маңыздылығын айқындай түседі. Джузеппе Ферди бұл шығармасын дүниеден озар алдында жазды. Әлемдік деңгейде мойындалған классика кімді болмасын бейжай қалдырмасы анық. Опера өте ауқымды. Жоғары сапалы материалдардан миландық театрдың шеберханаларында жасалған  декорациялар мен костюмдердің өзін 14 бірдей жүк көлігіне тиеп әкелдік. Гастрольге аса жауапкершілікпен қараған театр ұжымы Қазақстанға жақсылап қамданып келді.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер