ЕХРО-2017 көрмесіне келген шетелдіктер ең алдымен еліміздің тарихымен танысуға тырысады. Оларды қазақ халқының көшпелі замандағы тарихы мен мәдениеті ерекше қызықтырады. Елордадағы Ұлттық мұражайды аралаған қонақтардың таңданысында шек жоқ.

 

ОМАР СЕРВИН ТУРИСТ /МЕКСИКА/:

 - Қазақтардың көшпелі халық болғанынан хабардармын. Сондықтан олардың тұрмыс-тіршлігі, мәдениеті, тарихы қызықтырды. Қазақ халқы туралы білу үшін музейге  әдейі келдім. Көрдім. Ұнады. Қазақстан жас мемлекет. Дегенмен тарихы тереңде жатыр екен. Олардың ертедегі тұрмыс тіршілігі, жаугершілік заманда қолданған құрал-саймандары қызықтырды. Қазақстанға алғаш рет келуім. Қонақ болғаныма еш өкінбеймін.

Ұлттық музейде 15 тақырыптық зал бар. Оның жетеуі – негізгі экспозициялар. Қалғандарында ЕХРО аясында түрлі халықаралық көрмелер өтеді. Яғни, келушілердің Қазақстан тарихымен танысып қана қоймай, әлемге әйгілі жәдігерлермен де танысуға мүмкіндігі бар. Солардың бірі – «Қытай императоры Цинь Шихуандидің «Терракот әскері» көрмесі.

 

БЕРІКБОЛ ҚАЙРАТБЕКҰЛЫ, ОҚУШЫ:

 - Маған тарих пәні ұнайды. Осы музейге келіп көп ақпарат алдым. Енді мектепке барған кезде сол ақпараттарды мұғалімге айтып беремін.

Халықаралық көрме басталғалы Ұлттық музейге келушілердің саны 120 мыңнан асқан. Олардың 30 мыңға жуығы – шетелдік.

 

ҚҰМАР ЖҮНІСОВ, ҚР ҰЛТТЫҚ МҰРАЖАЙЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ:

 - ЕХРО  көрмесі аясында 12 халықаралық және отандық көрмелер өтті. Бұл көрмелерді 70 мыңнан астам адам келіп тамашалады. ЕХРО көрмесі аясында музейге келушілердің саны бірнеше есеге артты. Осы 7 айдың ішінде келушілердің саны 215 мыңнан асты. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда өте көп.

 

Музейге келушілер жәдігерлермен таныстырушыны өздері таңдай алады. Мұнда бас аяғы бір сағаттың ішінде ақпараттаремн толық танысуға мүмкіндік бар. Ал оқушылар үшін мұражайға кіру тегін. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер