Сыр өңірінде Қорқыт кесенесі маңынан тастан жасалған қобыз мүсіні табылды. Құнды олжаны археологтар Сортөбе қалашығының үшінші қабатын  қазу кезінде  тапты. Олар жәдігерді оғыз дәуірімен байланыстырып отыр. Ал Сортөбе  қаласы 9-10 ғасырларға жатады. Портты қала ретінде тіршілігі қызған шаһар.  Қазір ежелгі мекеннің 60 пайыз бөлігін су шайып кеткен. Зертеушілердің айтуынша, тас қобыз  құмшауыт тастан қашалып, моншақтармен әрленген.  Егер  қала толық аршылса, Қорқыт бабаға қатысты жаңа деректер де шығуы мүмкін,-дейді ғалымдар.

АҒАБЕК НАЗАРОВ, ӨНЕРТАНУШЫ:

- Қобыз бейнесіндегі тастан жасалған қобыздың сұлбасы. Өзім суретші ретінде мұның қобыз екенін білдім. Әркім әртүрлі жорамал жасай береді. Бірақ қағаз бетіне біркелкі түсірген кезде айқын көрінеді. Басқа адам көретін болса көз тартып кетеді әрнәрсеге. Табиғи деп айтайын десек табиғиға келмейді. Арты жонылған. Мына жақтары теп-тегіс, жылтыр ғып өңделген.

СЕРГЕЙ БОЛЕЛОВ, МӘСКЕУ Қ. МЕМЛЕКЕТТІК ШЫҒЫС МУЗЕЙІНІҢ АҒА ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТКЕРІ:

- Бұл жер қыстақ болуы мүмкін. Себебі, халық осында, дарияның жағасына малға жайлы, шөбі шүйгін болғандықтан тұрақтаған.  Негізі  ескерткіштің 4 мәдени  қабаты бар. Оғыз мәдениеті Жетіасар мәдениетімен байланысты. Жалпы мұндай мәдени ескерткіш Орталық Азияда жоқ.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер