Ұлттық болмыс, тұрмыстық салт,  ұлы дала жауһарлары мен табиғат сұлулығы. Елордада суретші Сағынтай Әлімбетовтың «Табиғат. Адам. Уақыт» атты жеке көрмесі өтуде. Көпшілік назарына шығармашылық жолының әр кезеңдерінде жазылған 30-дан астам таңдамалы кескіндемелік туындылары ұсынылып отыр. Ғасырларға татыр дәстүрлі құндылықтар мен қарапайым халық тіршілігі арқау болған жұмыстары келушілерді төл мәдениеттен сусындауға жетелейді. Мәселен,  мына «Қорқыт Ата» атты жалғыз ғана картинаның бойында тұнып тұрған тарих, ел шежіресі жатыр.  Ұлы көш, үш жүз, кең байтақ даланың әр қилылығы мен әсемдігі шебер көркемделген. Саналы ғұмырының 40 жылын бейнелеу ісіне арнаған Сағынтай Әлімбетовтың бұл танымдық, тәрбиелік маңызы зор еңбектері қазақ көркемсурет өнерінің дамуына қосқан үлесінің бір парасы ғана.

САҒЫНТАЙ ӘЛІМБЕТОВ, СУРЕТШІ:

- Өзімнің туып өскен жерім, кіндік қаным тамған топырағым, қара шаңырағым, ауыл – негізгі тақырып. Ұлттық болмыс бар. Олай болмауы мүмкін емес. Мен басқа тілде, өзге ұлттың нәрселерін жазуға аса құштар емеспін. Себебі бірінші өзіңді біліп алуың керек қой,

Қазақстандық майталман ұлы даланың қанық бояулары арқылы шет елде ұлттық рухани құндылықтарды дәріптеуді басты назарға алатынын айтады. Бүгінде атағы кеңге жайылған қылқалам шеберінің еңбектері мемлекеттік мекемелермен қатар, АҚШ, Франция, Австрия, Голландия, Германия, Түркия азаматтарының жеке қорларында сақтаулы.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер