Астанада Бірінші Еуразия музыкалық ойындары өтуде. ЕХРО-2017 көрмесі шеңберінде ұйымдастырылған өнер додасының басты мақсаты – вокал, скрипка және фортепиано сынды үш топта жас дарындарды анықтау. Бұған қоса, қатысушылар үшін музыка саласының үздік орындаушыларымен кездесулер мен шеберлік дәрістері өткізіледі.

МИХАИЛ КИРХГОФФ, БАЙҚАУДЫҢ АРТ-ДИРЕКТОРЫ:

- Бұл байқаудың ерекшелігі оның бірден үш номинацияда өткізілетіндігінде. Жарысқа әлемнің 18 елінен 160 қатысушы келді. Ал ұрпақтар сабақтастығын сақтау мақсатында бұл байқау жұлдыздардың қатысуымен өтетін концертпен аяқталады. Конкурстың жүлде қоры -88 мың еуро.

Байқаудың бірінші күні армениялық пианист, жиырмадан аса халықаралық конкурстардың лауреаты Наре Аргаманян өнер көрсетті. Оған Астана филармониясының симфониялық оркестрі сүйемелдеді.

НАРЕ АРГАМАНЯН, ПИАНИСТ /АРМЕНИЯ/:

- Мен Алексей Шораның «Travel Notebook» туындысын және Рахманиновтың «Паганиниге арнаған рапсодиясын» таңдадым. Астана оркестрімен бірге орындау қиын болған жоқ, өнер ұжымымен ынтымақтастығымыз мұнымен үзілмейді деп ойлаймын.

Еуразия музыкалық ойындары шеңберінде Қазақстан, Ресей, Армения, Венгрия, Германия, Норвегия және Корея елдерінің танымал музыканттарының қатысуымен бірнеше концерт жоспарланған. Байқау тамыздың 25-інде аяқталады. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер