ASTANA ART FEST фестивалі елордадағы «Нұр жол» жасыл желек бульварын көркейте түсті. Мұндағы Nomad 2.0 павильоны көшпенділер өркениетін паш етіп, қазақстандық өнертабыстар жайлы сыр шертеді. Киіз үй пішінінде жасалған нысанда пластикті өңдеу, өсімдікті топырақсыз суда өсіру, 3Д принтер және жиналмалы бесік сынды урбанизациялық үдерістің жарқын үлгісі таныстырылады.

ЕЛУБАЙ ҚАБДЫЛМАНАТОВ, ФЕСТИВАЛЬГЕ ҚАТЫСУШЫ:

- Біз таныстырып отырған компьютер Jaybox деп аталады. Оның көлемі шағын. Қалтаға еркін сыйып кетеді. Оны қабырғаға қаратып, іске қосу керек. Сонда көз алдыңызда үлкен экран пайда болады. Біз мұны өзге баламаларынан өзгеше етіп жасадық.

Күн сәулесіне қол созған сәби бейнесі де көпшіліктің қызығушылығын тудырды. Қазақстандық қолөнер шебері бұл мүсін арқылы адамзат баласына қуат көзінің қаншалықты қажет екендігін көрсетеді. Арт фестиваль аясында балалар алаңы да пайда болды. Сондай-ақ, Fashion павильоны ашылды. 

АИДА ӘДІЛБЕКОВА, ФЕСТИВАЛЬДІҢ АРТ-ЖЕТЕКШІСІ:

- Биыл толығымен 70 проекттер ұсынылды. Солардың арасында жақын елдерден, алыс елдерден келгендер бар. АҚШ, Франция, Англия, Жапония, Ресей, Өзбекстаннан келді.

Фестивалдің тарихи-танымдық қойылымдарымен қоса, мәдени бағдарламасы да мазмұнды. Мұнда танымал театр артистері өнер көрсетіп, белгілі музыканттардың концерттері өтуде. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер