Атақты ақын Сара бейнеленген туындылар Қазақстанға оралады. Қазақ қызының суреттерін ресейлік мүсінші, сәулетші, әрі суретші Маргарита Ващенко салған. Оның қызы анасының еңбектерін ұзақ жылдар Мәскеуде сақтап келген.

Гелия Тимофеева жанұялық мұрағаттың бір бөлігін беру үшін қонақтарын қарсы алып жатыр.

Бұл жерде Гелия Алексеевнаның анасы суретші әрі мүсінші Маргарита Ващенконың түрлі бояумен салған туындылары мен сызба-нұсқаларын және шағын мүсіндерін көруге болады. Алпысыншы жылдары ол Талдықорған обылысының бас сәулетшісі болған. Сол кездері қазақ жеріндегі көптеген танымал тұлғалардың суреттерін салған. Ақын Сараның портретін ол туысқандарының естеліктеріне сүйеніп жазған.

ГЕЛИЯ ТИМОФЕЕВА, СУРЕТШІНІҢ ҚЫЗЫ:

- Оған Сара туралы аңыз қатты ұнады. Содан ақын туралы терең білгісі келіп, оның туыс-жұрағатын іздейді. Бастапқыда ақын әуелетінің ұрпағын салады. Ал, шешем 2005 жылы дүниеден озған соң артында қалған мұралардың құнды екенін біліп сіздермен хабарластым. Өйткені мен де мәңігілік емеспін ғой.

2018 жылы қазақтың ақын қызының туғанына 140 жыл толады. Оның жерлестері Сара туып өскен жер Қазақстанның қасиетті географиясына енетініне үмітті.

САЛТАНАТ МЕҢЛІБАЕВА, «НАҚ-БІРЛІК» ҚОҒАМДЫҚ ҰЙЫМНЫҢ ТӨРАЙЫМЫ:

- Ващенко Маргарита Маркияновнаның еңбегін біз үлкен бір сый-құрмет ретінде алып кетіп бара жатырмыз. Ертеңгі  күнгі мәңгілік елдің иелері, ұрпаққа үлкен мұра болайын деп тұр. Ақын Сараның туған жері де өскен жері де және айтсқан жері де бір аймақта, бір елде, тоғыз жолдың торабында тұр. Сондықтан бүгінгі кесенесінің аймағы, Біржан – Сара айтысқан  жері киелі Қазақстанның аймағына айналса екен деген тілегіміз бар.

ӘБІЛҚАЙЫР ОРАЛОВ, ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ӨКІЛІ:

- Бұл қазақ халқының айтысының мақтанышы. Ақын Сара айтысының басты жетістігі, ақын Сара өзінің талантымен әлеуметтік теңсіздікті  жеңіп, өзінің бостандығын алған. Ел-жұры оған еркіндік берген. Осы біздің тарихымыз дамыса, еліміз өркендесе, өскелен ұрпақтың рухы биік, мәртебесі асқақ болады.

Енді ақын Сараға қатысты жинақ Алматы облысына қарасты Ақсу ауданының Қапал ауылындағы мұражайда сақталады.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер