Арқа төрінде Жібек жолы бойында мекен еткен халықтардың әуендері әуелеп, билері орындалды. Мемлекеттік академиялық Ұйғыр музыкалық театры елордалықтар мен қала қонақтарына театрландырылған қойылым ұсынды. Ұжым сахнада көнеден мирас болып қалған дәстүрлі өнер мен салт-сана көріністерінің жарқын үлгілерін паш етті. Түрлі музыкалық жанрды өзіне жиған спектакль ЕХРО көрмесінің мәдени бағдарламасы аясында өтті.

ГУЗЕЛЬ МАМЕДИНОВА, ТЕАТР ҚЫЗМЕТКЕРІ:

- Бұл қойылымда опералық әндер мен  фольклорлық музыка, халық билері мен этнографиялық көріністерді жидық. Сахнаның безендірілуі мен артистердің кастюмдері ұйғыр халқының мәдениетімен қатар, «Жібек жолы» бойындағы халықтардың мәдениетін жақсы танытады. 

ЯЛКУЖАН ШАМИЕВ, ҚОЮШЫ РЕЖИССЕР: 

- Халық билері мен дәстүрлі музыка сол кездегі халықтың көңіл-күйін жеткізуші құралдардың бірі ғой. Біз танымал қытай  халық артисті, балетмейстер Күләш Райжаппен бірге осы қойылымды жасап шықтық. Спектакльдегі барлық би – сол тәжірибелі маман еңбегінің нәтижесі.

Мемлекеттік академиялық Ұйғыр музыкалық театры – Қазақстанда ертеден етек жайған өнер ұжымдарының бірі.  Оның шымылдығы 1934 жылы алғаш рет түріліпті. Содан бері еліміздің мәдени қорына енген түрлі жанрдағы қойылымдарды сахналап келеді. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер