Бір жарым ғасырға жуық жер астында көмулі жатқан қасиетті кітап Қызылорда облысынан табылды. 19-шы ғасырға тиесілі құнды жәдігер Жалағаш ауданындағы Мырзабай ахун мазарының маңын қазған кезде шыққан. Өз заманының әулие, емшісі болған ахун Мырзабай Азаматұлы 1833 жылы Сыр өңірінде өмірге келген. Көне кітапты баба қорымын қайта жөндемек болған ұрпақтары тауып алды. Сол уақытта-ақ Қазақ жерінде азаттықтың таңы ататынын айтып кеткен әулие қасиетті Құран кітабын аласапыран заманда өзі көмгенге ұқсайды. Мұқабалары шіріп, парақтары жыртылғанмен, жазулары анық сақталыпты.

ОРАЗ САЛҚАШҰЛЫ, МЫРЗАБАЙ АХУННЫҢ ШӨБЕРЕСІ:

- Мешіттің ішіне жөндеу жұмыстарын жасайын деп, бұрышты қазып жатқанымда баламыз екеуміз тізе бойы қазған кезімізде осы Құран кітаптарының шыққанына көзім жеттті да, осы баламыз екеуміз қаза бастадық. Содан 2 жарым қаптай Құран кітап шықты. Мынау соның ішінен шыққан Құран кітаптар, жазулары бар, топыраққа айналып кеткені бар. 1 жарым ғасыр болып тұр ғой енді осы жерастында жатқанына. Халықтың игілігіне жарап осылай, не бар осыда, не жөнінде жазған осыны ғұламалар анықтап берсе.

Ал Семейде ұлы ақын Абай Құнанбайұлының жары Әйгерімге тиесілі қобдиша музейден орын алды. Көне бұйымды Абай музейіне Айдар Доланбеков есімді жергілікті тұрғын табыстаған. Қобдишаны Айдардың әжесіне бір ғасыр бұрын Әйгерімнің өзі сыйласа керек. Ұзақ уақыт бойы отбасылық мұраға айналған қобдиша өте жақсы сақталыпты. Таза ағаштан және бірде бір шеге, бекітпе құралынсыз жасалғаны таңқалдырады.

НҰРСҰЛУ ӨМІРБЕКОВА, АБАЙ МУЗЕЙІ ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУ ЖӘНЕ ҚOР БӨЛІМІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ:

- Бұл сыйлық кезінде Жігітек, руы Жігітек Бөжейдің ұрпағы Бәтет Әзімханқызы тұрмысқа шыққан екенЫрғызбай еліне. Сол кезде қазақтың салтымен Әйгерім апамыз Бәтетті үйіне қонаққа шақырады екен. Сол кезде осы қобдишаны Бәтет апамызға сыйлаған екен. Бәтетке берілген сыйлық Айдардың шешесі арқылы біздің мұражайымызға жетіп отыр.  

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер