Британдық Invisible Flock ұжымы еліміздің астанасы туралы «Бақытты адамдар Live» музыкалық қойылымын ұсынды. Ол ең бақытты сәттерді сезінген қаладағы жерлер туралы Астана тұрғындарының естеліктеріне негізделген. Шілде айында елордалық сауда орталықтарының бірінде кез келген тұрғын интерактивті тақтайшаға өзінің арман-мақсаттарын жазып, ұмытылмас естеліктермен бөлісе алу мүмкіндігіне ие болды. Қойылым авторлары – сандық және интерактивті өнер салысында жаңашыл ұжым деп саналатын британдық арт студия.

ДЖИМ БУТТЕРИ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫ:

- Бұл – көптеген елдердің көрермендерінің көңілінен шыққан интерактивті қойылым. Енді олардың қатарына Қазақстан да қосылды. Жобамызды Астанаға әкелгенімізге қуыныштымыз. Бақыт тақырыбына арналған қойылым жүрекке жылу сыйлайды.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер