«Мәңгілік ел – мұратым!», «Мемлекеттік рәміздер – мақтанышым!». Осындай атаумен жас ақындар арасында мүшайра басталды. Бір айға созылатын шараға Астана әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасы мұрындық болып отыр. Үздік 25 ақынның шығармалары күзде жарық көретін арнайы өлеңдер жинағына енгізілмек. Осылайша, елбасының «Рухани жаңғыру» идеясын жүзеге асыру шеңберінде қолға алынған байқау аясы алдағы уақытта кеңейеді деп жоспарланып отыр. Айта кетейік, 14 пен 29 жас аралығындағы қатысушылар өз өлеңдерін 5-ші қыркүйекке дейін жолдай алады.

ҚАЛҚАМАН САРИН, АҚЫН:

- Жастардың кітап шығаруына, олардың шығармашылық тұрғыдан шыңдалуына, олардың әдеби ортада танылып, өз мүмкіндіктерін қабілеттерін көрсетуге бұл мүмкіндік тудыратын байқау. Сондықтан мен барлық қалам ұстаған қыз жігіттерді бұл байқауға қатысуға шақырамын. Әрине әділқазылар жұмыс жасайтын болады, бірақ әділқазылардың атын қазір жарияламаймыз. Неге десеңіздер, ертең конкурсқа қатысатын ақындардың өзі де лақап атпен, былайша айтқанда жасырын атпен өлеңдерін жіберетін болады.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер