Қазақстанның мемлекеттік үрмелі аспаптар оркестрі елордада концерт берді. Еліміздің танымал өнер ұжымы ЕХРО көрмесіне арнайы әзірлеген бағдарламасын ұсынды. Оркестр Тәттімбет, Шәмші Қалдаяқов, Латиф Хамиди сынды композиторлардың шығармаларын жаңа нақышта орындады.

АЛЕКСАНДР БЕЛЯКОВ, ҚР МЕМЛЕКЕТТІК ҮРМЕЛІ АСПАПТАР ОРКЕСТРІНІҢ ДИРИЖЕРІ:

- Үрмелі аспаптар оркестрін нағыз демократиялық ұжым деп атауға болады. Өйткені біз жанр талғамаймыз. Көбі үрмелі аспаптар оркестрін әлі күнге дейін әскери марштарды немесе саябақта вальс орындайтын ұжым ретінде қарастырады. Шындығында, үрмелі аспаптармен кез келген жанрдағы шығарманы орындауға болады. Біз бүгін соны көрсеттік.

Оркестрдің солистері көпшілікке танымал халық әндері мен қазіргі композиторлардың туындыларын орындап, кеш көрігін қыздыра түсті. Қазақстанның Мемлекеттік үрмелі аспаптар оркестрі 1990 жылы құрылған. Содан бері өнер ұжымы 200-ден аса концерт берген.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер