Хореография әлемінің жарқын үлгісі. Елордада «Анна Павлова – орыс балетінің аққуы» атты спектаклі қойылды. Қойылым 19-шы ғасырда өзіндік қайталанбас кербез қимылымен әлемді тамсандырған балеринаның өнер жолын баян етеді. Мұнда Анна Павлованың үздік балет партиялары қамтылған.

 

ЕСТАЙ КЕШІЛБАЕВ,  ҚР АКАДЕМИЯЛЫҚ БИ ТЕАТРЫНЫҢ ӘКІМШІСІ:

 - Балет деген сондай мейірімді, үлкен өнердің биік мәртебесі. Мысалы, Анна Павлова Мексика еліне келейін деп жатқанында Мексикада соғыс болып жатқан. Бірақ Анна Павлова келеді деп соғысты тоқтатқан.

 

«Бұл – аты мәшһүр қазақ би өнерінің хас шебері Болат Аюхановтың 50 жылдық еңбек жолын тұйықтап, шығармашылығының шарықтау шегіне тұрарлық еңбек деседі», өнер майталмандары. Сондай-ақ, көрермендер отандық хореографтың көзқарасымен испандық мәнерде қойылған «Болеро» балетін тамашалады.

Алматылық академиялық би театры ЕХРО көрмесінің мәдени бағдарламасы аясында тағы 2 концерт береді. Онда елордалықтар мен қала қонақтарына өнер ұжымының алтын қорына енген төрт классикалық балет қойылымы ұсынылмақ.  

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер