Алматы облысында Орбұлақ шайқасы болған жерге ескерткіш қойылды. «Рухани жаңғыру», соның ішінде «Туған жер» және «Сакралды география» бағдарламалары аясында ашылған тақтаның салмағы жарты тонна тартады. Онда «Қазақ елінің тәуелсіздігі мен еркіндігі үшін жоңғар басқыншыларымен шайқаста жеңіске жеткен айбынды қазақ сарбаздарына ұрпақтары атынан!» деген жазу жазылған. Бұл осыдан төрт ғасырға жуық уақыт бұрын жоңғардың 50 мың әскерін 700 қолмен тоқтатқан қазақ сарбаздарының рухына бағышталған шара. Келер жылы Орбұлақ шайқасының 375 жылдығы ел көлемінде аталып өтеді.

 

БЕКСҰЛТАН НҰРЖЕКЕЕВ, ЖАЗУШЫ:

 - Бұл – ауызбіршіліктің жеңісі. Сол жеңіске, міне, 375 жыл толуы қарсаңында жастар жиналып келіп, мына белгіні қойып жатырмыз. Бабаларымыз риза болсын, солардың рухына біз ризамыз деген сөз. Келесі жылғы үлкен тойдың алдындағы бұл үлкен бір шара болды.

 

РУСТАМ АЛПЫСБАЕВ, АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ ІШКІ САЯСАТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

 - Салмағы жарты тоннадай болады. Негізінен қаражат бұған бөлінген жоқ. Үнемделген қаражаттан ұйымдастырып отырмыз. Мақсаты да маңызы да өте ерекше, өте өзекті. Себебі қазіргі ақпарат заманында ақпарат кеңістігі осындай керекті ақпараттармен толығуы керек.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер