Қарағанды облысында дәстүрлі «Ұлытау қымызы» этнофестивалі өтті. Шараға келген шетелдіктер халқымыздың ұлттық сусыны қымызды дайындау да, бие сау да өнер екеніне куә болды. Алғаш рет қымыздың дәмін татты. Елімізде өтіп жатқан ЕХРО көрмесін тамашалау үшін арнайы бет бұрған меймандар Ұлытау баурайындағы тарихи ескерткіштерді аралап, ұлттық дәстүрімізбен танысты.

 

ДАЙРЮС НАРМОНТАС, ТУРИСТ /ЛИТВА/:

 - Біз фестивальға келгенімізге өте қуаныштымыз. Табиғаты тамаша. Халқы қонақжай екен. Бұл сапардан алған әсеріміз керемет.

 

Этнофестиваль барысында түрлі ұлттық ойындар да ұйымдастырылды. Бұл шара шеттен келген қонақтардың ерекше қызығушылығын тудырды. Соның ішінде оларды «Қатын күрес» сайысы таңқалдырды. Жарыс ережесі бойынша тек тұрмыс құрған әйел ғана жеңімпаз атанады. 

 

МАРГАРИТА НЕКРАСОВА, ТУРИСТ /РЕСЕЙ/:

 - Қазақ халықының салт дәстүрін Ұлытауға келіп біліп көріп жатырмыз. Елордада аса қатты байқалмайды. Сондықтан Астанада жоғары технологиялық тұрғыда көрмелер өтіп жатса, аймақтарда халықтың мәдениеті мен дәстүрін көрсететін осындай фестивальдың өтіп жатқаны қуантады.

 

Ұлытауға соңғы кездері шетелдік туристердің қызығушылығы артып келеді. Этнотуризмнің әлеуетін енді пайдалана бастаған Қазақстан осы бағыттағы жұмысты жалғастыра бермек. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер