Түркі әлемінің қайталанбас сазы. Елордада бауырлас халықтардың дәстүрлі әуендері салтанат құрды. Түбі бір мәдениеттен сыр шертер әуезді шараны ЕХРО-2017 көрмесінің аясында Қазақстан мен Түркия өнерпаздары тарту етті. Концертке қос елдің үздік деген шығармашылық ұжымдары ат салысты.

 

АЛМАГҮЛ ИСИНА, ТҮРІК МӘДЕНИЕТ ОРТАЛЫҒЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:

 - Өнер, ән, күй деген әрдайым халықтарды бір-біріне жақындастыратын мықты құрал ғой. Сондықтан екі елдің оркестрері әндер айтады. Қазақстан жағы түрікше, түріктер жағы қазақша айтатын болады. Екі елдің бір-бірін жақсы тануына үлес қосады деп ойлаймыз. Мінекей осыған ЕХРО дәнекер болды.

 

«Түркі әлемі» музыкалық ансамблі мен Астана қаласы әкімдігінің Мемлекеттік академиялық филармониясының оркестрі бірлесіп өнер көрсетті. Қос ұжымның тізгіні «Алтын таяқша» дирижерлар байқауында Гран-при жүлдесін олжалаған Ернар Нұртазинде болды. Ұлттық аспаптардың сүйемелдеуімен халық әндері орындалып, күйлер шертілді.

 

ВОЛКАН ЕРКАЛ, «ТҮРКІ ӘЛЕМІ» АНСАМБЛІНІҢ СОЛИСІ:

 - Қазақстанға түрік мәдениетін таныту үшін осымен үшінші мәрте аяқ бастым. Алдымен қарағандылықтарды ұлтық өнерімізбен таныстырдық. Кейін Алматы қаласы, енді міне Астана мен ЕХРО қонақтарына осындай тару жасадық. Өзім түрлі аспаптарда ойнап, халық әндерін шырқаймын. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер