Халықтық ән мен күйдің заманауи дыбысталуы. «Астана» концерт залында «Бабалар аманаты» кеші өтті. Қалалық филармонияның «Қорқыт» дәстүрлі саз тобы қазақтың дәстүрлі музыкасын дәріптеумен айналысуда. Сондықтан ұжым құрамына барлық ұлттық аспаптың құлағында ойнайтын дарынды музыканттар енген. Топтағы әр артист бірнеше аспапты меңгерген. Ұжым бірегейлігі осында.

 

МАҚСАТ МАДЫКӘРІМОВ, «ҚОРҚЫТ» ДӘСТҮРЛІ САЗ ТОБЫНЫҢ АРТИСІ:

 - Бұрыннан орындалып жатқан әуендерді, аспаптарды қазіргі жастарға, заманға сай етіп, заманауи әуендермен келтірдік. Мүйіз деген аспаптар бар. Оларды қолданып, ата-бабаларымыздың әуендерін қайта естірттік.

 

Мұнымен қоса, музыканттардың дені сирек кездесетін көмеймен ән айту техникасын да шебер меңгерген. Кеш бағдарламасында «Қарасай Қазы», «Өртеке», «Аққу», «Жалқы жігіт» сынды ұлттық туындылар көрермен құлағының құрышын қандырды. Сондай-ақ композиторлар ұлттық фольклорға сүйене отырып, жаңа әндер мен күйлерді де жарыққа шығарған.

 

ЕДІЛ ҚҰСАЙЫНОВ, КОМПОЗИТОР, ОРЫНДАУШЫ:

 - Осы концертке «Тұлпар шабыты» деген шығармамды орындаймын шаңқобызбен. Шаңқобыз өте сирек кездесетін аспап. Әсіресе, соло ретінде. Көбінесе ансамбльдің арасында қосымша аспап ретінде қолданылады.  Қобыздай, домбырадай қолданамын шаңқобызды. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер