Елімізде қоғамдық сананы жаңғырту бағытында маңызды жобалар қолға алынуда. Мысалы, Шығыс Қазақстанда 37 жоба іске асырылмақ. Олардың дені тарихи, мәдени, өлкетану, туристік және ақпараттық бағытта. Атап айтқанда, «Үлкен Алтай» мұражайын жасақтап, мәдени мұра нысандарының «Қызыл кітабын» шығару көзделген. Катонқарағай өлкесіндегі Берел қорғанын тамашалаушылар саны көп. Сақтар мен түркілердің алтын бесігі саналатын киелі топырақтан шығып жатқан қорғандар байырғы – мәдениетіміз бен болмысымыздың көрінісі.

 

САМАЛ ЖАҚСЫЛЫҚОВА, ТУРИСТ:

 - Елбасымыз айтқан биылғы «Рухани жаңғыруға» байланысты шынында да мына келген оқушыларға, келешек ұрпаққа әсері де, маңызы да көп жерлер. Жұмыстар әлі де жалғасады екен. Оған қуаныштымыз.

Еліміздегі бірегей тарихи ескерткіш саналатын Ырғызбай ата кешені де жыл санап дамып келеді. Ырғызбай Досханаұлының емшілік, көріпкелдік қасиеті туралы аңыздар көп. Баба рухына тәу етушілер мешітке кіріп, дұға етеді, «Дала даналары» кітапханасынан көне, сирек кездесетін кітаптарды оқып, «Аманат» музейіндегі 700-ге жуық жәдігерден нәр ала алады. 

 

БОЛАТ ТАҒАБАЙ, «ЫРҒЫЗБАЙ АТА» КЕШЕНІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:

 - Рухани жаңғыруға байланысты Президентіміз айтқандай, бір кісідей қызмет атқару керек.

 

АНАР МЫРЗАҒАЛИЕВА, ШҚМУ ПРОФЕССОРЫ:

 - Ғылыми зерттеу жұмысы нәтижесінде көптеген жаңалықтар ашылады. Олардың барлығы  осы сакралды орындарға  ғылыми тұрғыдан сипаттама беріліп, және  аңыздар жасалады.

 

Бүгінде өңірде мінәжат орындарының электронды картасы дайындалып жатыр. Оған Берел қорғаны, Қоңыр Әулие үңгірі, Шілікті жазығы, Ырғызбай баба кесенесі сияқты 20-дан аса тарихи нысан кіреді.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер