Шығыс Қазақстан облысының Тарбағатай ауданында бірден үш ескерткіш ашылды. Батырлар мен ақындарға қойылған мүсінді жергілікті кәсіпкерлер жеке қаражаттарына тұрғызған. Оның бірі - ұлы ақын Абай Құнанбайұлына арналған. Енді ұлы ақынның ескерткіші Ақжар ауылына әр беріп тұрады. Ауыл жастары ұлы ақын шығармаларымен танысып, ақын ескерткішінің алдында түрлі әдеби-мәдени кештер өткізіп тұруға болады. 

 

ӘЛІБЕК ШОҚАНОВ, ЕСКЕРТКІШ АВТОРЫ:

-  Оң қолы жүрек тұсында, жүрегім қазағым деп соғады деген бейнесі. Қолында кітабы бар әрқашанда. Сол бейнені қабағы, көзқарасы, тұрған ойлы бейнесін сомдап шықтық. 

 

Дәл осы күні көрші Маңырақ ауылында да екі ескерткіш ашылды. Оның бірі – белгілі ақын Әміржан Жанұзақұлына, ал екіншісі Дәулетбай батырға арналған. Есімін елі ардақтаған хас батыр бар  ғұмырын ат үстінде өткізіп, қазақ даласын жоңғар шапқыншылығынан қорғаған.  

 

ДІЛДӘБЕК ОРАЗБАЕВ, ШҚО ТАРБАҒАТАЙ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ:

 - Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында ескерткіштерді қою кәсіпкерлердің есебінен істеліп жатыр. Ал парк жасау, оны абаттандыру, ағаш егу аудан бюджетінің есебінен орындалыпп жатыр.

 

Сондай-ақ Тарбағатай ауданында тағы бір маңызды шара өтті. Өңірдің тарихынан сыр шертетін "Үкілі найза ұстаған үш Байжігіт" атты кітаптың тұсауы кесілді. Жергілікті жұрт бұл туындыны туған жер тарихына арналған энцеклопедия деп атап кетті. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер