Әлемдегі араб каллиграфиясы шеберлерінің туындылары Астанаға әкелінді. Ұлттық академиялық кітапханада тұңғыш рет хат көрмесі ашылды. «Хат» араб тілінен «көркем жазу» дегенді білдіреді. Расында да, шеберлер әліпби әріптерін ерекше суретке айналдырған. Әрқайсысының өзіндік мағынасы бар. 

 

МАҚСАТБЕК ҚАЙЫРҒАЛИЕВ, MUSLIM.KZ САЙТЫНЫҢ РЕДАКТОРЫ:

 - Көркем жазу өнері өзінің бастауын Құран Кәрімді әдемілеп жазудан және аяттармен мешіттердің ішін көркемдеуден басталған. Ислам жазу мәдениетінде қалыптасқан 30-дан астам жазу стилі бар. Әрбір әріптің жазу арасындағы қашықтық, сияның мықтылығы және әр хаттаттың аятты жазудағы рухани демі.

Осы талаптарды сақтаудың арқасында  ғана көрмедегідей көркем туындыларды жасауға болады. Бұл, әрине, шеберлік пен сабырлылықты қажет етеді. Ең үздік туындылар, халықаралық сайыстарда анықталады.

 

ХАЛИТ ЭРЕН, ИРСИКА ҰЙЫМЫНЫҢ БАС ДИРЕКТОРЫ:

 - Біздің ұйымымыз 3 жылда бір рет каллиграфтардың сайысын ұйымдастырады. Олардың ішіндегі жоғары орындарды иеленген туындыларды Қазақстандағы көрмеге әкеліп отырмыз. ИРСИКА ислам тарихы, мәдениеті мен өнерін зерттеумен айналысады. Қазақстанда әлі бірқатар ортақ жобаларды жүзеге асыруды көздеп отырмыз.

 

Ұйымдастырушылар Қазақстанда да дарынды каллиграфтардың көбейетініне сенімді.  

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер