Астана мен Париж сәулетінің байланысы. Елордада танымал француз фотографы Луик Лагардтың көрмесі ашылды. Онда шетелдік көркем өнер иесі Парижді әлемге әйгілі еткен архитектуралық нысандарды көпшілік назарына ұсынып отыр. Сондай-ақ Қазақстанның бас шаһарының айшықты ғимараттарын да осы жерден тамашалауға болады. Автор соңғы еңбектерін жақында ЭКСПО-ға арнайы келіп түсіріп алыпты. Бағдарламамен өңделмей дала жарығы мен қарапайым шамдардың әсерімен сәтті түсірілген кадрлар жаңа рең алып, үйреншікті нысандарды өзге қырынан танытып отыр.  Көрмеге барлығы 40-қа тарта таңдамалы жұмыстар қойылған. Луик Лагард Қазақстаннның сәулеті мен табиғатының әсемдігі арбап, шығармашылығына шабыт бере түскеннін айтады.

 

ЛУИК ЛАГАРД, ФОТОГРАФ /ФРАНЦИЯ/:

 - Қазақстанға әлі талай жолым түсетіні сөзсіз. Көрме аяқталысымен елді аралап қайтуды жоспарлап қойдым. Қазақстан керемет құрылыс нысандарынан бұрын, тамаша ландшафтымен көз тартады, флора мен фаунаға бай ел екен.  Парижге жеткен соң осында түсірілген фотоларды жинақтап, көпшілік назарына ұсынамын. Әлеуметтік желідегі оқырмандарымның дені Батыс Еуропа мен АҚШ елдерінен. Оларға Астананың көркемдігін, Қазақстанның нағыз саяхаттайтын жер екенін көрсеткім келеді.

 

Луик Лагардтың негізгі мамандығы инженер-электротехник. Сұлулықа ұмтылысы мен фото өнерге деген құштарлығы оны саяхатшы фотограф етті. Бүгінге дейін ол 60-қа тарта ел аралап үлгерген. Әлеуметтік желілердегі оқырмандарының саны 250 мыңнан асып жығылады. Оның Instagram парақшасына жүктеген бәйтерек монументі алаңының фотосуреті көпшіліктің ерекше ықыласын  туғызыпты. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер