30-дан астам қазақстандық дизайнер өз топтамаларын ашық алаңда ұсынды. Шоу-румдар таңғы сағаттарда ашылып, күн батқанша жұмыс істеді. Мұндай фестиваль елордада тұңғыш рет ұйымдастырылуда. «Алайда идея бірнеше жыл бұрын пайда болған»,-дейді ұйымдастырушылар.  Оны қалалық әкімдіктің көмегімен ЭКСПО аясында жүзеге асыру мүмкін болған. Ұлттық брендтердің қатарында киім-кешекпен қатар әшекей бұйымдары мен көзілдіріктерге де кең таңдау болды. Бұдан бөлек, стиль бойынша тегін шеберлік сағаттары мен визаж сабақтары өткізілді. Make-up шеберлері мінсіз бет әрлеудің құпияларымен бөлісті. Фестивальге, әсіресе, нәзікжандылардың қызығушылық танытқаны айтпаса да түсінікті.

 

ИНДИРА ӨМІРХАНОВА, ФЕСТИВАЛЬ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫСЫ:

 - Сән фестивалі болғандықтан, әрине, ресми дүкендерге қарағанда бағалары төмендеу болады. Бәйтерек алаңында жүрген елордалықтар мен қала қонақтары келіп, дизайнерлердің киімдерін таңдай алады. Барлығы 36 динайзер қатысады. Оның 30-ы шоу румда, 6 дизайнер показда. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер