Қазақстан мен Швеция арасында ғылыми ынтымақтастық жанданып келеді. Осы орайда Астанада швециялық делегация болып қайтты. Шетелдік мамандар сапар барысында елордадағы Ұлттық академиялық кітапхананың жұмысымен танысты. Бас қосуда екі жақты тарихи мәселелер мен мәдени байланысты арттырудың жолдары қарастырылды. Кездесу аясында әйгілі швед ғалымы Карл Линея шәкірттерінің еңбектері қойылған кітап көрмесі ұйымдастырылды. Олар табиғаттағы тірі ағзаларды жүйелеуде еңбегі сіңген ұзтаздарының зерттеулерін толықтырып 11 томдық энцеклопедия шығарған.

Бұл жұмыстарда қазіргі Қазақстан аумағы туралы ғылыми түрде сипатталған қолжазбалар бар. 18-ғасырдағы Керуен жолдары мен Солтүстік және Батыс өңірлердің халқы, флорасы мен фаунасы жайында мағлұматтар кезігеді.

 

ХРИСТИАН КАМИЛЛ, ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ШВЕЦИЯ ЕЛШІСІ:

 - Оның шәкірттерінің бірі Сібір мен қазіргі Қазақстан аумағын зерттеуге жіберілген еді. Жас ғалым Петропавл, Орал бекіністері мен Есіл, Ертіс өзендеріне сипаттама беретін дәйекті материал жинады. Қазақстандықтар осы жұмыстармен танысу үшін Ұлттық кітапханаға ғылыми еңбектері жиналған энцеклопедияларды табыстадық.

 

Сондай-ақ, еліміздегі швеция елшісі бас шаһардағы қолжажбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығының жұмысымен танысты. Кітап - ақы сұрамайтын алтын қазына! Мұнда түрлі дәуірлерге сапар шектіретін ақыл ескерткіштерінің 500-ге түрі жиналыпты. Негізінен 18-19-шы ғасырларда жазылған тарихи, мәдени, ғылыми маңызы мен құндылығын жоймайтын еңбектер. Арасында бұрын соңды зерттелмеген шығыс тілдеріндегі қолжазбалар бар. Экспозицияны шағын көлемді кітаптар толықтырады. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер