Қазақтың ұлттық жырларына негізделген тылсым картиналар. Астанада тұңғыш рет суретші Әсия Радавичененің жеке көрмесі ашылды. Шынайылық пен ертегі тоғысқан 10 туындының тең жартысы – қазақ , қалған бесеуі – Литва тақырыбына арналған. Екі елдің табиғаты мен мәдениеті Әсия Радавичене үшін аса ыстық. Ақтөбеде туып-өскен ол 1989 жылы Литваға көшкен. Дәл осы кезде еліне деген сағынышын сурет арқылы жеткізе бастапты. Қазірде талай туындылардың авторы, әлемге танылған суретші.

 

ӘСИЯ РАДАВИЧЕНЕ, СУРЕТШІ:

 - Картиналар қазақтың ұлттық поэмалары, батырлар жөніндегі аңыздар мен тұлпар сынды мифтік кейіпкерлерге негізделген. Құм, көл, ұшы-қиыры жоқ көк шөпті елестете отыра салдым. Литва тақырыбындағы туындыларыма да халық ертегілерін  негіз еттім. Екі елдің халықтары бір-біріне ұқсайды деп ойлаймын. 

 

ВИТАУТАС РАДАВИЧЮС, СУРЕТШІНІҢ АРТ-МЕНЕДЖЕРІ:

 - Әсия Қазақстан мен Литва елін өз өнері арқылы біріктіреді деп айта аламын. Оның туындыларын бір көрген адам, әсер алмай қатпайды. Кейбіреулері жұбайымның көрмелерінде ерекше энергия алатындықтарын айтады. Сондықтан да көрмені «Тылсым әлем» деп атадық. ЭКСПО көрмесіне Әсия болашақтың рухани энергиясымен келді. 

 

Суретші, экономика ғылымдарының докторы Әсия Радавичененің ақындық өнері де бар. Шығармаларының тақырыптары картиналарымен үндесуде. Туған жер, көркем табиғат, қазақ аруының бейнесі.

Суретшінің көрмесі Астанадағы ЭКСПО аясында ұйымдастырылуда. Литва павильонда Әсия Радавичененің туындыларын көзі шалған Ұлттық музей басшылығы жерлесіміздің жұмыстарын музей экспозициясына қоюға асыққан. Бұл ұсынысты суретші де қуана қабылдағандығын айтады.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер