Ұлттық этникалық театрлардың республикалық фестивалі мәресіне жетті. Шара барысында алты тілде қойылым көрсетілді. Туындыларды қазақстандық өнер майталмандырымен бірге халықаралық театр сыншылары да бағалады. Биылғы байқаудың жөні бөлек. Шара ЭКСПО көрмесі аясында өтті. «Сондықтан болар қатысушылардың барын салғаны көрініп тұр»,-дейді қазылар алқасының төрағасы.

 

ТАЛҒАТ ТЕМЕНОВ, ҚАЗЫЛАР АЛҚАСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

 - Біз үшін биыл көптеген жаңалық болды. Мысалы, ОҚО Сайрам ауданындағы Өзбек театры біз үшін үлкен жаңалық болды. Көп ұлтты Қазақстандағы Ұлттық театрлардың қатысуы бұл көрермен, қазылар, әріптестер үшінде үлкен жақсылық.

Осымен төртінші мәрте шымылдығын түрген фестивальге еліміздегі көптеген өнер ошақтары қатысуға ниет білдірген. Шара барысында өнерпаздар қазақ, өзбек, корей, орыс, француз тілдеріндегі қойылымдарды сахналады. Биыл «Патшайым болу оңай ма?» спектакалін қойған Республикалық мемлекеттік корей комедия театры «Үздік спектакль» аталымын жеңіп алды.

 

ТЕ СИК КАН, ҚОЮШЫ РЕЖИССЕР:

 - Осы қойылым үшін Кореядан арнайы келдім. Біраз уақыт дайындалдық. Өнер ұжымы барын салды. Қойылым жүріп жатқанда оны көрермендермен бірге отырып,  тамашалаймын. Спектакальді соңына дейін қарап шықтым. Өнер ұжымының еңбегі еленді деп сеніммен айта аламын.

 

Жарысқа қатысушылардың ешқайсы жүлдесіз қалмады. Қазылар алқасы үздіктерді 10 аталым бойынша марапаттады. Айта кетейік, ұлттық этникалық театрлардың республикалық фестивалі әр екі жыл сайын өткізіліп тұрады. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер