EXPO қалашығында Малайзияның ұлттық күні тойланды. Аталған ел павильоны – құдды орман секілді. Мұнда сайраған құстардың дауысын естіп, өзіңізді мұхит жағалауында жүргендей сезінесіз. Малай елінің қалған 114 елден ерекшеленген тұсы да осы сияқты.Қазіргі таңда Малайзия халқы барлық тұтынатын энергияның 22,1 пайызын күннен, биотыннан және су электр станцияларынан алады. Ал, 2030 жылы күн сәулесінен алатын энергияның үлесін 21 пайызға дейін жеткізуді көздеп отыр.

 

ҚУАНЫШБЕК ТЕЛҚАРАЕВ, НҰСҚАУШЫ:

 - Су энергиясы Малайзиядағы ең маңызды және ең ірі энергия көзі болып табылады. Жалпы Маалайзияда 5 ірі, 7 кішкентай су электр станциясы бар. Қазіргі таңда олардың снаны 20-ға жеткізу жоспарланып отыр.

Халықаралық көрме аясында Буркина-Фасо елінің де ұлттық күні өтті. Буркина-Фасо елі Африканың батысында орналасқан. Қазақстанға географиялық орналасу жағынан және халқының саны бойынша ұқсас болып келеді. Павильонда мақтаның көп кездесуі бұл елдің Қара құрлықта мақта өндіруден алғашқы орында екенінен хабар береді. Халқының 90%-ы ауылшаруашылықпен айналысатын Буркина-Фасо елінің павильонына қызығушылық танытып, сол елден әкелінген базарлықтарды сатып алып жатқандар жетерлік.

 

ИССА БЕНДЖАМИН БАГЯН, ГЛАВА ДЕЛЕГАЦИИ БУРКИНА-ФАСО:

 - Біз Астанада өтіп жатқан ЭКСПО көрмесіне қатысу мүмкіндігіне ие болғанымыз үшін Елбасыларыңызға алғыс айтқымыз келеді. Менің ойымша «Болашақ энергиясы» тақырыбы кез келген ел үшін өте қызық. Әсіресе біз үшін. Өйткені Буркино-Фасода жыл он екі ай күн ыстық болады. Біз өз елімізде күн электро стансаларын салғымыз келеді. Осы жерден бизнес-серіктестерімізді табамыз деп үміттенемін.

 

Ал Гана Республикасының ұлттық күні аясында аталған елөнерпаздары дамуға деген құлшынысты білдіретін «Уилс» мюзиклін қойды. Гана – Батыс Африкадағы шағын ел. Халқы пайдасы мол баламалы энергияны қолдайды. Сондықтан осы маңызы зор халықаралық шараға қатысуға ниет білдірген. Ұлттық күн «Гана - жаңғыртылатын энергия көздерінің мүмкіндіктер мекені» тақырыбындағы бизнес-форуммен жалғасты. Басқосуда жасыл энергияны өндіру жолдары мен баламалы энергия саласы дамыған мемлекеттермен іскерлік байланыс орнату мәселесі қаралды.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер