Шежірелі тарих пен тәлім-тағлымның алтын сандығы. Білім мен рухани азықтың мұқабалы қоймасының мамандары, кітапханашылар Астанада бас қосты. «Оқу әлеміндегі оқырман ұлт» атты халықаралық симпозиумның барысында қазіргі кітапханалардың жай-күйі, қоғамды кітап оқуға жұмылдыру, жалпы сала имиджін көтеру мәселелері талқыланды.

 

ШӘРБАНУ ДІНӘСІЛОВА ОҚО ӘМБЕБАП ҒЫЛЫМИ КІТАПХАНАСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

 - Оқырманды мынандай бір заманның жаңа технологиялардың дамыған заманында қалай біз тартамыз, қалай біз баулимыз? Бұл жерде ең басты мәселе - кітапханадағы қолайлы орта қалыптастыру. Кітапханалардың материалдық-техникалық базасын жаңарту және бүгінгі шығып жатқан әдебиеттерді оқырмандарға тарату, дәріптеу,  насихаттау.

 

Конференция жұмысына әлемнің 26 елінен келген 400-ден астам маман қатысты. Симпозиум аясында барлығы 9 сессия өткізілді. Қатысушы елдердің өкілдері өзара кітап алмасу, сала бойынша тәжірибе бөлісу, сирек қолжазбаларды бірлесіп зерттеу сынды ынтымақтастықтар орнатып, меймарандумдар жасасты.  Жиындағы келіссөздерден іске көшкен делегаттар түркі тілдес мемлекеттердің жаңадан құрылған ортақ электрондық кітапханасының түсауын кесті.

 

ӘСЕЛ ЛАХАЕВА, МӘДЕНИ ҚАУЫМДАСТЫҚ ҮЙЛЕСТІРУШІСІ, ТҮРКИЯ:

 - Бұл электрондық кітапхана Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасының «Kaznet» электрондық сайтының базасы аясында ашылып, осы к.ндегі түркі тілдес кітапханалардың қорындағы сирек кезігетін қолжазбалары мен моноскриптері орналасады.

 

Айта кетейік, кітапхана мамандарының халықаралық деңгейдегі мұндай жиыны елімізде алғаш рет өтіп отыр. Қатысушылар игі шара ғылыми және шығармашылық зиялы қауым өкілдерінің мәдени әріптестігі мен өркениетаралық байланысты пен халықаралық ынтымақтастықты нығайтып, зияткерлік ресурстарды жинақтауға алғы шарт болатынына сенімді.  

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер