Елордада мүсіндеу өнері шеберлерінің халықаралық биенналесі өтті. Шара ЕХРО-2017 көрмесінің мәдени бағдарламасы аясында ұйымдастырлған. Оған 8 елден арнайы іріктелген 30-дан астам жұмыс қатысты. Авторларға тақырып таңдап, ойын жеткізуге еркіндік берілді. Сондықтан мұнда арт-нысан, реди мейд үлгісінде жасалған кеңістік композициялары мен модернизм мәнеріндегі мобилді, жарық-дыбыстық инсталяцияларды тамашалауға болады. «Бәрі дәстүрлі және заманауи мүсін өнерінің тілін, өзара байланысы мен әр алуандығын тануға мүмкіндік береді», - дейді мамандар 

 

БАЙТҰРСЫН ӨМІРБЕКОВ, ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ҚАЙРАТКЕРІ:

 - Әр адамның өзінің қолтаңбасы бар. Әр адамның өзінің айтар ойы бар скультура тілімен айтқан кезде. Кейбір жерлерде мен айтар едім біздің мүсіншілер еңбегі әлдеқайда жоғары және шеберлігі де жоғары. Ал шетелдіктерде концептуалдық идея басым.

 

Өзіндік көркемдік мағынасы бар, философиялық терең ой тастайтын еңбектер қазылар алқасының саралауынан өтіп, өзара бәсекеге түсті. Өнер бәйгесінің бас жүлдесін «Алатау» мүсінін соққан қазақстандық Әлібек Мергенов ұтып алды. Ал бірінші орынды швейцариялық шебер Этьен Крахенбул еншіледі.

 

ЭТЬЕН КРАХЕНБУЛ, МҮСІНШІ /ШВЕЙЦАРИЯ/:

 - Мен бұл мүсін арқылы жер шарының қозғалысы мен өмірдің қимылсыз өтпейтінін көрсеткім келді. Әсіресе бүгінгі қоғамның қайнаған тіршілігінің жылдамдығы күн сайын артып келеді. Еңбегімнің көлеңкесі, мөлдір судың тербелген бейнесін береді. Ал қозғалыс кезіндегі дыбыстар музыкалық әуен орындалып жатқандай әсерге бөлейді. Бұл – 5 жылдық еңбегімнің жемісі.

 

Бейбітшілік және келісім сарайында орын тепкен туындыларды тамыз айына дейін тамашалауға болады. Айта кетейік, Қазақстанда мүсін өнерінің халықаралық биенналесі алғаш өтуде. Аталмыш байқауды келешекте дәстүрлі түрде жылына екі рет ұйымдастыру жоспарланып отыр.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер