Елордадағы EXPO қалашығында Әзербайжанның ұлттық күні тойланды. Бауырлас ел көрмеге келушілердің назарына ән мен биін ұсынып дәстүрі мен мәдениетін паш етті.

 

АНАР АЛЕКБЕРОВ, ӘЗЕРБАЙЖАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІРІНШІ ВИЦЕ-ПРЕЗИДЕНТІНІҢ КӨМЕКШІСІ:

 - Әзірбайжан мұнай ресурстарына бай мемлекет. Бірақ, қазіргі таңда біздің алдымызда қара алтынға тәуелділіктен арылу міндеті тұр. Павильонда дәстүрлі энергетикадан баламалы энергияға көшу тетіктері ұсынылған.

Бұл елдің жасыл энергетикадағы тағы бір түртіп айтар тұсы бар. Әзірбайжанда қос аралды жалғайтын жел генераторларын салу жоспарланған. 22 шақырым қашықтықта қуаттылығы 200 мегаватқа жуық 60 турбина энергия өндірмек. Бүгінде мұндағы көліктер де қуат көзінің баламалы түрлеріне көшіп жатыр. Әзірбайжандықтар 2050 жылға дейін баламалы энергия көздерінің үлесін 50 пайызға жеткізуді мақсат тұтып отыр.

 

ЕРНАР МАҚАШЕВ, ӘЗЕРБАЙЖАН ПАВИЛЬОНЫ ҚЫЗМЕТКЕРІ:

 - Газ конденсаты әлемнің түкпір-түкпірінде өндірілетіні белгілі. Ал Әзірбайжанда бар көліктің 40 пайызы отынның осы түрімен жүреді. Бұл мемлекет ауаға зиянды заттар шығаратын темір тұлпарлардан бас тартып отыр.

Айту керек, EXPO көрмесінде Әзірбайжанның павильоны халық көп келетін алғашқы төрттіктің қатарына кіреді.

Сондай-ақ EXPO қалашықта Латвия ұлттық күнін атап өтті. Мерекеге орай Астанаға Латвия Республикасының Президенті арнайы келді. РАймондс ВЕйонис EXPO-ны ұйымдастыру жұмыстарына жоғары бағасын беріп, ұлық шараның маңыздылығын атап кетті. Айта кетсек, осы күнге дейін латвиялықтардың павильонын 40 мыңдай мейман аралаған.

 

РАЙМОНДС ВЕЙОНИС, ЛАТВИЯ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

 - ЭКСПО көрмесіне қатысу біз үшін маңызды. Бұл біздің кәсіпкерлерге жаңа әріптестік орнатуға  мүмкіндік береді. Келер жылы Латвия тәуелсіздігіне - 100 жыл. Осыған орай сіздерді біздің мәдениетпен етене танысу үшін Латвияға шақырамын.

Ал Венесуэланың ұлттық күніне орай салтанатты шара ұйымдастырылып, Қазақстан мен Венесуэланың әнұраны шырқалып, туы көкке көтерілді. Кариб теңізінің жағалауын жайлаған ел,Астанадағы халықаралық көрмеге өздерінде өндірілетін қазба байлықтары жайлы мол ақпарат ала келген. Мұнда қара алтыннан басқа табиғи газ, темір, боксит, көмірсияқты басқа да пайдалы қазбалар өндіріліп, экспортталады. Бүгінгі мереке барысында павильон қонақтары мұнайлы елден арнайы әкелген какаодан дәм татты. Себебі, Венесуэла какаосымен әлемге әйгілі. Сонымен қатар, мұнда 10-12 ғасырда қолданылған тарихи жәдігерлерді көруге болады. Венсуэла – мұнай экспорттаушы елдердің көшін бастап тұр. Қазіргі кезде эконолық даму дәрежесі жағынан Латын Америка елдері арасында жоғары орында тұр.

 

ХЭСУС ГРЕГОРИО ГОНСАЛЕС, ВЕНЕСУЭЛА ҰЛТТЫҚ ПАВИЛЬОНЫНЫҢ КОМИССАРЫ:

 - Экспо көрмесіне қатысуға мүмкіндік бергені үшін Қазақстанға зор алғыс айтамын. Көрме қалашығынан орын алу біз үшін үлкен құрмет Мұнда мұнайдан бөлек табиғи газ, баламалы қуат көздері, саласындағы жетістіктерімізді көрсетеміз. Ал Қазақстан мен Венесуэла мұнай саласындағы қарым-құатынасты бұрыннан дамытқан мемлекеттер.  Оның үстіне біз қара алтын экспорттаушы елдер мүшесі, сондықтан өзара ынтымақтастықтың болашағы зор.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер