«Махаббатпен, Астана!». ЕХРО-2017 көрмесі шеңберінде елордалық цирктің үздік артистері қала тұрғындары мен қонақтарына ерекше бағдарлама ұсынды. Манежде әуе гимнастары, эквилибристер, жонглерлер, «Сарыарқа жігіттері» салт атты-акробатикалық ансамблі және жануарлар өнер көрсетті. Келушілерді әсіресе, акробаттардың өнері тәнті етті. Экстремалды номерді артистер мінсіз орындауға машықтанып, сақтандыру арқандарын пайдаланбайды. Олар 2015-ші жылғы «Азия жаңғырығы» фестивалінің гран-при иегерлері. Қазақстандық акробаттар өз өнерлерімен Қытай, Германия, Мексика, Украина жұртын тамсандырған.

 

ЕРЛАН АЗИЗОВ, АКРОБАТ:

 - Біз үш қарғып секіруді меңгеріп алдық. Әрине номерді мінсіз орындау үшін көп еңбектендік, құлап, жарақаттанған кездер де болды. Кәсіпқой атану үшін тер төкпей болмайды. Астанадағы шараларға қатысуға әрдайым дайынбыз. Әсіресе, қазір ЕХРО көрмесі өтіп жатқанда, халықтың көңіл-күйі де өзгеше.

 

ЕРІК ЖОЛЖАҚСЫНОВ, «АСТАНАЛЫҚ ЦИРК» МКҚК БАС ДИРЕКТОРЫ:

 - Бүгін бірнеше елден қонақтар келді. Арасында Монкао, Монте-Карло артистері бар. Өзіміздің артистеріміз де қатысып жатыр». 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер