Батыс пен Шығыстың қаруы Астанадағы көрмеге ұсынылды. Ұлттық музейге келушілер XV-XIX ғасырлар аралығында Түркия, Иран, Үндістан, Жапония,Франция, Италия сынды елдерде қолданған науза, қылыштар пен сауыттарды көре алмақ. Айту керек, бұл қарулар шайқастарда болмаған. Асыл тастармен, алтынмен безендіріліп, салтанатты жиындарға  арналған. Өз кезінің үздік ұста-шеберлері жасағаны бірден аңғарылады. Экспозицияда барлығы 70-ке жуық бірегей туынды бар.  

 

ГҮЛШАРА ӘБДІҚАЛЫҚОВА, ҚР МЕМЛЕКЕТТІК ХАТШЫСЫ:

 - Қару-жарақ шетерлерінің сәндік-қолтаңбалы өнерінің көрмесі ЕХРО қарсаңында өтіп жатыр. Мемлекеттік Эрмитаждың құнды жәдігерлерін елордада паш етуі еліміздің мәдени өмірі үшін маңызы зор. Бүгінде Эрмитаж әлемдегі ең танымал 20 мұражайдың қатарына кіреді.

Қазіргі таңда Эрмитаждың қорында 16 мыңға жуық қару-жарақ жәдігері бар. Оның тарихы сонау 19-шы ғасырдан бастау алады. Қарулар қорының алғашқы экспонаты - І Николайға сыйға тартылған түрік қылышы. Ол кезде орыс патшасы әлі Князь Николай болатын.  Содан бері музейде сан түрлі қару-жарақ жинақтала бастаған. Негізінен, экспонаттар музейге тарту етілетін,-дейді Мемлекеттік Эрмитаж қызметкері Юрий Ефимов.

 

ЮРИЙ ЕФИМОВ, МЕМЛЕКЕТТІК ЭРМИТАЖДЫҢ БӨЛІМ МЕҢГЕРУШІСІ: 

 - Біз көрмеге қару-жарақ үлгілерінің үздік туындыларын әкелдік. Мақсатымыз батыс пен шығыс қаруының ерекшелігі мен ұқсастығын көрсету болатын. Музейіміздегі 400 жылдық тарихы бар қару-жарақтарды ұсынып отырмыз. Қазақстандық тарап осындай уақыт аралығындағы экспонаттарды әкелуімізді сұраған болатын.

Эрмитаж жәдігерлерінің көрмесі Астанада қыркүйек айының жиырмасына дейін жұмыс істейді. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер