Астанада Қазақстан мен Қытайдың энергетика саласындағы әріптестігіне негізделген бірнеше шара өтті. Солардың бірі – ЕХРО-2017 көрмесі аумағындағы Қытай Халық Республикасының ұлттық күні.

 

ШЭНЬ ЮЭЮЭ, БҮКІЛҚЫТАЙЛЫҚ XАЛЫҚ ӨКІЛДЕРІ ЖИНАЛЫСЫ ТҰРАҚТЫ КОМИТЕТІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

 - Астана ЕХРО-2017 көрмесіне қатысу арқылы біз Қытай мен Қазақстанның достық қарым-қатынасын нығайтуға мүдделіміз. Екі ел арасындағы жан-жақты стратегиялық әрптестікті жаңа деңгейде жеткізе аламыз деп үміттенеміз. Қытай үкіметі біздің осы шараға қатысуымызға үлкен мән берді. Біз павильонымызда дәстүрлі энергияны трансформациялау мен экологиялық қауіпсіздік мәселелеріне байланысты жетістіктерімізді көрсетуге мүмкіндік алдық.

Қытай елінің «Болашақ энергиясы, жасыл жібек жолы» экспозициясы –көрмедегі ең ауқымды жұмыстардың бірі. Жалпы, аспан асты елінің әлемдегі жаңартылатын энергия саласында көп ізденіп жүргенін айта кету керек.

Қытай павильонынан қуат үнемдегіш үй техникасын да табуға болады. Мысалы, мына тоңазытқыш. Ол тәулігіне небары 0,48 квт/сағат энергия тұтынады. Ал бұл – ақылды кір жуғыш машина. Ол кіріңізді жуып қана қоймай, пайдаланған суды тазартады.

 

ЯН КСЮ, ҚЫТАЙ ПАВИЛЬОНЫНЫҢ ӨКІЛІ:

 - Бұл залда Қытай ғылымының соңғы жетістіктері ұсынылған. Басты экспонаттардың бірі – өткізгіштік қабілеті аса жоғары ТОКАМАК. Бұл – маңызды халықаралық жоба. Оның мақсаты Күн қуатын пайдалана отырып, бейбіт жолмен ермоядролық энергияны алу.

Болашаққа саяхат мұнымен аяқталмайды. Қытай мазмұнды әрі қызықты мәдени бағдарлама әзірлеп отыр. ЕХРО барысында Аспан асты елінің 24 провинциясы тақырыптық күндерін өткізеді. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер