Қазіргі заманғы қазақ суретшілерінің үздік туындылары жұртшылық назарына ұсынылды. Астанадағы әскери-тарихи музейде Бақытнұр Бүрдесбеков, Әділғали Баяндин және Абай Чунчалиновтердің сурет көрмесі ашылды. Мақсат – келушілерді қазақтың бай мәдениетімен таныстыру. Картиналары арқылы суретшілер қазақ батырлары, Ұлы даланың тарихи тұлғалары мен көркіне көз тоймас аруларының бейнелеріне жан бітірген.  Олар өздерінің бояулары мен қиялдарының көмегімен көрермендерді өткенге сапар шектіреді. Туындыларда, негізінен, әскери қару-жарақ пен  сауыттағы жауынгерлер бейнеленген. Өнертанушылар авторлар шығармашылығы символизм мен абстарктілі экспрессионизмге жақын екендіктерін айтып отыр. Мұндай ерекше стиль АҚШ, Германия, Канада, Түркия және Корея елдерінде кең тараған және қызығушылыққа ие.

 

АБАЙ ЧУНЧАЛИНОВ, СУРЕТШІ:

 - Көрмеге 16 туындымды ұсындым. Олардың біразы сюжеттік композициялар мен баталия жанрында жазылған еңбектер Мен, негізінен,  реалистік стильде жұмыс жасаймын.

 

ӘДІЛҒАЛИ БАЯНДИН, СУРЕТШІ:

 - Гимн авторы Шәмші Қалдаяқов, Жұмекен Нәжімеденов портреті, күйші Ықылас Дүкенұлы, біздің Қытайда атылып кеткен Оспан батырымыз ҰОС-на келетін болсақ, Бауыржан Момышұлы, Қасым Қайсенов портреттері салынды. Тарихи дүниелер келер ұрпаққа аманат болып қалсын деп кенеп беттеріне түсірдік.

 

Авторлар өздерінің жан-дүниесі мен философиялық ой-түйіндерін жеткізе білді. Осы арқылы қазақ халқының өткені мен болашағын айқын көрсеткен,-дейді өнертанушылар. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер