Әлемнің үздік балет труппалары Астанада тоғысты. ЕХРО-2017  көрмесінің аясында алғашқы халықаралық «Eurasian Dance Festival» атты бишілер байқауы өтті. Фестиваль шымылдығын елордалық «Астана Балет» театрының жас ұжымы ашты. Көрермендер сахна иелерінің орындауындағы «Ұлы дала мұралары» қойылымын тамашалады. Сондай-ақ, отандық балет өнерінің шеберлері  бір актілі «Gaia» және «A Fuego Lento» спектаклдерін ұсынды.

 

ВАСИЛИЙ МЕДВЕДЕВ, ФЕСТИВАЛЬДІҢ КӨРКЕМДІК ЖЕТЕКШІСІ:

– Астана – аз уақыттың ішінде бой түзеген жас қала. Дей тұра, көптің аузында жүрген танымал әсем шаһар. Елорда  халықаралық меймандарды қабылдауға қашан да дайын тұрады. Бұл жолы әлемдік балет өнерінің мамандарын шақырдық. Фестивалтге Еуропа, Азия, Америкалық труппалар келді. Көрермендер балеттің түрлі бағыттарын тамашалау мүмкіндігін алады. Классикалық балеттен авторлық хореография мен заманауи би, джаз, рок, хип-хоп жанрларына дейін.

 

«Eurasian Dance Festival» (ЕврЭйжн Дэнс ФЭстивал) аясында әлемге аты мәшһүр Раста Томас негізін қалаған «Рок зе Балет» труппасы өнер көрсетті. Шығармашылық ұжым балеттің осы түрін әйгілеп, әлемнің 50 мемлекетінде болыпты. Астанаға Раста Томастың ең дарынды шәкірттері келді.  Жаңашылдыққа жаны құмар жастар өздерінің жаңа стилімен көрермендерді таңдай қақтырды.

 

СТАНИСЛАВ ФЕЧО, «EURASIAN DANCE FESTIVAL» ЖОБАСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:

 - Бұл балетте көрермендер қазіргі жастарға кеңінен танымал Бьонсе, Майкл Джексон, Фредди Меркьюри, «Queen» және «U2» топтарының әндеріне қойылған биді тамашалайды. Одан бөлек әртүрлі кезеңдердегі танымал әндерді де ұмыт қалдырмадық. Себебі, қазіргі заманның адамдары өздеріне ұнайтын әнді тыңдағысы келеді. Сонымен, қатар бимен бірге өздерінің жа стық шағын да еске алады.

 

Бір аптаға жалғасқан шара барысында астаналықтар мен қала қонақтары оңтүстіккореялық «Universal Ballet» (юниверсал бэллет) театрының қойылымдарын қызықтады. Ал «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театры классикалық туындыларын сахналады. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер