Перғауынның асыл тастармен безендіріліп,алтын жалатылған  күймесі, жағасы мен сыртқы саркофагы. Елордада көнемен көмкерілген Тутанхамон заманынан сыр шертер жәдігерлер топтамасының үлгілері қойылған көрме ашылды. Мұнда Мысырдың 3 мыңжылдық шежіресі бар династиялық өркениеттен бастап орта ғасырға дейінгі түрлі тарихи кезеңдердің де жәдігерлері   көрініс тапқан.

 

АЛМАЗ НҰРАЗХАН, ҚР МСМ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ӨНЕР ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:

 - Бізге осындай көрме ұйымдастыру ойы былтыр келген еді. Сондықтан Каир қаласына арнайы барып келіссөздер жүргіздік. Сондай-ақ, жұмыс сапары барысында делегаттар ондағы сала министрлермен туризм бойынша ынтымақтастық орнатты. Бұл -  біраз уақыт Мәмлүктер үстемдік құрған елмен ортақ мәдениетімізді сабақтастырудың қамында жасалып жатқан кешенді шаралардың бірі.  

Әлем мәдениетінің алтын қорына енген Ежелгі Мысыр ескерткіштерінің халықаралық көрмесінің экспонаттары көне дәуір адамдарының таным-түсінігін, мәдениетін мен қолөнер шеберлері туралы мол мәлімет береді. Жәдігерлер қолданыс аясына сай бірнеше кезеңге топтастырылған. Тарихи жылнаманы Ежелгі Мысырдағы иероглиф жазуын дүниеге әкелген Нармер бастайды.

 

АХМЕД ШУКРИ, МЫСЫРДЫҢ ТУРИЗМ БОЙЫНША ВИЦЕ-МИНИСТРІ:

 - Мысырдың ұлттық мұражайында  жәдігерлер түпнұсқасының дәл көшірмесін жасап шығаратын шеберхана бар. Оның жұмысын арнайы комиссия қадағалайды. Мамандар әзірленген бұйымдардың  қаншалықты шындыққа жаснасатынын мұқият саралап, бірнеше тексерістен өткізеді.  

Көрмеден кейін қанат жайған әр жәдігер Ұлттық мұражай қорына тапсырылады. Бұдан соң Ежелгі мысыр тарихын көріністейтін экспозиция мұражайда ашылатын әлем мәдениеті залының төрінен орын теппек. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер