Үш бөлек көзқарас, ортақ көрме. Астанада Бапановтар әулетінің туындылары жұртшылық назарына ұсынылды. «Тәңірдің ала жібі» атты экспозициядан Әлібай, Сәуле және Ағын Бапановтардың сан түрлі техникадағы еңбектерін көруге болады. Туындылар киіз, гобелен, кескіндеме техникаларында орындалған. Бір қарағанда, бір-бірінен айырмашылықтары анық байқалғанмен, оларды қазақ мәдениеті тақырыбы байланыстырады. «Картиналарды жазу үшін бояу мен қылқалам міндетті емес,-дейді көрме авторлары.  Олар шабыт келсе, сурет салуда кез келген нәрсені іске жаратуға болады деген ойда.

 

ӘЛІБАЙ БАПАНОВ, СУРЕТШІ:

 - Тәңір деген ата-бабаларымыздың өміртанымы бізге өте жақын. Сондықтан осы тақырыпты алып отырмыз. Атты салсақ та, табиғаттың көріністерін салсақ та, мифтік мағынада, символдық мағынада салынған жұмыстар.

 

АҒЫН БАПАНОВ, СУРЕТШІ:

Бір жерде жиналған 3 автордың жұмыстарын бірге қарастырса, болашақта қазақтың өнері қалай қарай жылжып бара жатқанын байқауға болады. Мамамыз дәстүрге көбірек сүйеніп, техникамен эксперимент жасайды. Ал әкеміз болса монументалды жұмыс істейді.

 

Ал Ағын Бапанов өз жұмыстарында нақты уақытты көрсетуге тырысқан. Оның туындылары күнделікті болып жатқан құбылыстар мен жаңалықтарды суретке түсіргендей әсер қалдырады. Бапановтар әулеті екі жылда бір рет көрме ұйымдастыруды дәстүрге айналдырған. Дарынды отбасының суреттері жетерлік. Алайда олардың ең жаңа деген 60-тан астамы  астаналықтардың көзайымына айналмақ. ЕХРО-ға келушілер де көрмені тамашалау мүмкіндігіне ие болады. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер