Елордада The Spirit of Astana қазіргі заманғы этникалық музыка фестивалі өтті. Екі күнге жалғасқан шара халыққа этникалық музыканы насихаттап, осы өнер жолындағы ұжымдарды таныстыруды көздейді. Астаналықтар мен қала қонақтары жарықпен безендірілген айрықша музыкалық шоуды тамашалады. Сахна төрінде Африка, АҚШ, Македония, Венгрия, Ресей, Башқұртстан, Бурятия, Тува және басқа да мемлекеттен келген 14 ұжым өнерлерін ортаға салды. Қазақстаннан шараға, «Тигра-хауд» этно-рок-тобы, «Алматы барабандары», «Алдаспан» тобы сияқты бірқатар өнерпаздар қатысты. Бұдан өзге, көмеймен ән айту дәстүрін дамытушы танымал музыканттар да өнер көрсетті.

 

«АЛДАСПАН» ТОБЫ:

 - Фестиваль Астанада бірінші рет өтіп жатыр. Әртүрлі этникалық топтарды әсіресе, түркі тілдес халықтардың басын қосады. Айтулы оқиғаға байланысты фестивальдың өтуіне, соның құрамында болып ат салысқанымызға өте қуаныштымыз.

 

Ал Алматыда «Ұлы дала рухы-2017» халықаралық этнофестивалі өтті. Алатаудың етегінде орналасқан «Боралдай» сақ қорғандары археологиялық паркінде ұлттық өнерлеріміз бен дәстүрлеріміз кеңінен насихатталды. Қонақтарға арнап 12 қанатты 60 қазақ үй тігілді. 

 

БАТЫР БАГАЙЫН, ФЕСТИВАЛЬ ҚОНАҒЫ /БОЛГАРИЯ/:

 - Қазақстанға бірінші рет келіп отырмын. Өте қатты ұнады. Ертеңгі ойындарда болгар халқының дәстүрін, мәдениетін көрсетеміз. Жігіттер жағы ерте кездегі соғыс тактикаларын көрсетсек, қыздар ән айтып, би билейді.

Көкпар, аударыспақ, қыз қуу сынды ат спорты түрлерінен жарыс болды. Ал Қолөнершілер шеберлік сабақтарын жүргізді. Көрермендер арасында әртүрлі байқау өтіп, тіпті «Ең әдемі ұлттық киім» киіп келген адам да марапатталды. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер