ЕХРО-2017 халықаралық көрмесінің арқасында Астана инновациялық жетістіктердің орталығына ғана емес, атақты өнерпаздардың әлемдік сахнасына да айналғандай. «Астана Опера» театрында алғаш рет белгілі америкалық музыкант, альт аспабының құлағында ойнайтын Денис Краснокутский концерт берді. Кеш «Музыкалық қиылыс» циклы аясында ұйымдастырылды.

Бағдарламаға әлемдік классиканың және қазақ композиторларының шығармалары еніп отыр. Қазақстандағы концертке орай америкалық композитор Маурицио Биньен скрипка, альт және оркестрге арнап «Икебана» атты туындысын жазыпты.

 

ДЕНИС КРАСНОКУТСКИЙ, АЛЬТШЫҚШ/:

Біз ерекше бағдарлама құруды мақсат тұттық. Оған Америка, Грузия, Қазақстан композиторларының шығармаларын енгіздік. Тіпті жаңа туындыны да орындадық. Ол бұрын ешқайда орындалмаған, сондықтан премьерасы Қазақстанда өтті деуге болады.

 

БАҒДАТ ӘБІЛХАНОВ, «АСТАНА ОПЕРА» ТЕАТРЫ ОРКЕСТРІНІҢ СОЛИСІ:

– «Музыкалық қиылыс» циклы достық кездесулер өткізуді қарастырады. Әлем елдерінің музыканттары «Астана Опера» сахнасында өнер көрсетіп қана қоймайды, олар өзара тәжірибе алмасып, өнер ұжымдарының арасында әріптестік орнатылады. Бұл ауқымды жобаның басы деп ойлаймыз. 

«Музыкалық қиылыс» жобасының ұйымдастырушылары әлемнің ең үздік орындаушыларын бір сахнада тоғыстыруды жоспарлап отыр. Сондай-ақ, шақырылған артистер жергілікті музыканттар үшін шеберлік дәрістерін өткізеді. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер