Еуропа мен Азия театр ұжымдары астаналықтарды өз қойылымдарымен қуантпақ. Елордада І Дүниежүзілік «Астана» театр фестивалі өтуде. Шараға Қытай, Латвия, Оңтүстік Корея, Беларусь, Ресей, Қырғызстан және Грузия театрлары қатысып отыр. Арасында дәстүрлі бағыттағы театрлар да, жаңашылдықты ту еткен өнер ұжымдары да бар. Фестиваль Асанәлі Әшімовтың 80 жылдығына арналып отыр. 10 күн бойы өнерсүйер қауым «Бөтен жаназа», «Бейбарыс сұлтан», «Отелло», «Қызыл орамалды шынарым» атты спектакльдерді тамашаламақ. Фестиваль шымылдығы «Ромео мен Джульетта» мюзиклімен ашылды.

 

АСХАТ МАЕМІРОВ, «АСТАНА» ФЕСТИВАЛІНІҢ АРТ-ДИРЕКТОРЫ

 - Шын мәнінде, Еуропа мен Азияны біріктіретін фестиваль бірінші рет өтеуін деп отыр. Біріншіден, көрерменге қытайлық, кәріс театрларының өнері бізге беймәлім. Ұлттық дәстүрлі театрларды насихаттаймыз. Сондай-ақ ірі театрлардың келуі біздің көрермендерге шығармашылық импульс береді. Қазақстандық актерлер, режиссерлер шеберлік шыңдайды. 

 

Сондай-ақ 17-26 маусым арасында театр фестивалімен қатар кино аптаcы да ұйымдастырылды. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер