Бүгін танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Астана қаласында орналасқан SOS балалар қалашығының тәрбиеленушілерімен кездесіп, сұрақтарына жауап береді. Сондай-ақ, Димаш балаларды 27 маусым күні өтетін концертіне шақырады. Бұл туралы ҚР Мәдениет және министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Димаш Құдайберген – «Дарын» Мемлекеттік жастар жүлдесі, «Халық қалауы» ұлттық жүлдесінің иегері, Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан халқының бірлігін нығайтуға қосқан үлесі үшін» Құрмет грамотасымен марапатталған. 2016 жылы Димаш Құдайберген Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендиясының иегері атанды. Отандық эстраданың халықаралық алаңдағы жеңісі оның есімімен тығыз байланысты.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер