EXPO-2017 көрмесі аясында аты әлемге мәшһүр «Дю Солей Циркінің» қойылымдары басталды. Өнер ұжымы көрме қонақтары үшін эксклюзивті «REFLEKT» шоу-бағдарламасын дайындапты. Таңғажайып қойылымда қазақ халқының мәдени мұрасы мен болашаққа деген заманауи көзқарасы өзара үйлесім тапқан.

 

БЕРНАРД ПОЙРИЕ, ЦИРКТІҢ БАС ДИРЕКТОРЫ:

 - Осыдан екі жыл бұрын ЕХРО көрмесіне қатысамыз деп жоспарлаған едік. Арада бір жыл өткесін келісімге қол қойдық. Ал, осы шоуды сахналауға 9 ай бойы дайындалдық. 38 әртіс өнер көрсетеді. қазақтың ою-өрнектерімен арнайы костюмдер тігілді.

 

Бүгінде штаб-пәтері Монреаль қаласында орналасқан «дю Солей Циркі» ойын-сауық индустриясындағы алып компаниялардың біріне айналған. Өнер ұжымында әлемнің 50 елінен жиналған 4000-ға жуық адам еңбек етеді. Оның 1300-і – артист. Әлемге әйгілі дю Солей циркі осы уақытқа дейін 400-ден астам шаһарда өнер көрсеткен. 

 

ДАНИЕЛЬ ФОРТЕ, ЦИРКТІҢ АТҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ:

 - Біздің цирк тарихында мотоциклді арқан үстіне шығарып көрмедік. Осы жолы нар тәуекел етіп отырмыз. Мотоциклдер арнайы жасалған. Тоқпен жүреді. Бір сөзбен айтқанда біз ЕХРО көрмесіне жоғары дайындықпен келдік. Көрерменнің көңілінен шығатынына сенімдімін.

 

Цирк ұжымы бас қалада қыркүйектің 10-на дейін өнер көрсетеді. Астана тұрғындары мен қонақтары бірегей шоуды арнайы жабдықталған үшбұрыш тәріздес павильонда тамашалай алады. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер