Әлемнің жас дарындары елордаға жиналды. Қазақстанда алғаш рет Чайковский атындағы Халықаралық байқау өтуде. Әлемнің 20 елінің 17 жасқа дейінгі үздік пианистері, скрипкашылары және виолончелшілері беделді алаңда өз өнерлерін паш етеді. Байқаудың іріктеу кезеңдеріне 400-ден аса дарын қатысып, оның 120-сы ғана жолдама алды. Үздіктер үш кезеңде анықталады. Астанадағы шара ЕХРО-2017 көрмесі шеңберінде ұйымдастырылып отыр.

 

ИВАН ЩЕРБАК, П. ЧАЙКОВСКИЙ АТ. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙҚАУДЫҢ БАС ДИРЕКТОРЫ: 

 - Көрменің тақырыбы «Болашақ энергиясы». Ауқымды шараның мән-мағынасын бойлары болашақ қуатына толы жас музыканттардан артық ешкім жеткізе алмайтын шығар.  Енді бір 10-15 жылда олардың дені әлемге танымал музыканттар болатынына сенімдімін.

 

АЙМАН МҰСАҚОЖАЕВА ҚР ХАЛЫҚ АРТИСІ:

– Әрине, бұл байқаудың Қазақстанда өткізілуі– үлкен жетістік.  Мұндай жарыстар жас дарындарымызды шабыттандырып, жаңа биіктерді бағындыруға, жаңа жеңістерге ынталандырады.

 

Чайковский атындағы халықаралық байқау әр жылы әр елде өткізіледі. Ерекшелігі де осында. 1992 жылдан бері ол Ресей, Жапония, Корея, Қытай және Еуропа елдерінде ұйымдастырылды. Байқауға қатысушыларды беделді өнер майталмандары бағалайды. Олар жас музыканттар үшін шеберлік дәрістерін де өткізуді жоспарлап отыр.

 

СЕРГЕЙ РОЛДУГИН ВИОЛОНЧЕЛЬШІ, ҚАЗЫЛАР АЛҚАСЫНЫҢ МҮШЕСІ ЕСЕЙ/:

 - Бұл жерде өнер әлемінің болашақ жұлдыздары тәрбиеленеді десек те болады. Байқауға әлемнің түкпір-түкпірінен дарынды  жастар келіп, өз елдерінің намысын қорғайды. Осылайша, әлемдік мәдениетке өз үлестерін қосады.

 

Чайковский атындағы музыка байқауы осымен оныншы рет өткізілуде. Өткен жылдар ішінде жарысқа мыңдаған жас дарын қатысып, әлемдік сахнаға жолдама алды.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер