ЕХРО көрмесі аясында баламалы қуат көздері тақырыбынан бөлек өнер, мәдениет мәселесі де талқыға түсті. Астанада ұйымдастырылған форумға Ресей, Қытай, Оңтүстік Корея, Монғолия және Өзбекстан елдерінің мәдениет саласы басшылары келді. Олар дәстүрлі ұлттық мәдениетті сақтай отырып, оны дамыту мәселесін тілге тиек етті. Жиынға қатысқандар дарынды шәкірттерді өзге мемлекеттерге жіберіп, тәжірибе алмасу қажеттігін де алға тартты. Форум барысында, шығыс пен батыс мәдениетінің қарым-қатынасына қатысты бірқатар келісімге қол қойылды.

 

АЙМАН МҰСАҚОЖАЕВА ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ӨНЕР УНИВЕРСИТЕТІНІҢ РЕКТОРЫ:

 - Санто Чичилия ректоры бізді сол жаққа халық аспаптар оркестрін концерт өткізуге шақырып жатыр. Біздің мобилдік бағдарламамыз бар. Сол арқылы біздің студенттер шетелге шығу керек, Мастер кластар алып, елге оралу керек.

 

ЛИН ЗАЙОН ШАНХАЙ МУЗЫКА КОНСЕРВАТОРИЯСЫНЫҢ РЕКТОРЫ:

Астанадай әсем қалада өтіп жатқан форум екі ел арасындағы мәдени байланысты арттыра түсері сөзсіз. Қазақтың музыка өнеріне бұрыннан-ақ тәнтімін. Сондықтан, біздің шәкірттер осында келіп, тәжірибе алмасса деймін. Әлемдік сахнада көш бастап жүрген қазақ өнерпаздары да аз емес. Қытайда өнер көрсеткен Димаштың да шоқтығы биік. Ал,  ЭКСПО көрмесінің ашылуына арналған концерт бізді қайран қалдырды. Өте жоғары деңгейде өтті. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер